Африкада екі миллиард долларға ірі әуежай салынады

Руандада ірі әуежай салуды жоспарлап отыр, соның арқасында елге ғана емес бүт құрлыққа туристер ағынын көбейту көзделген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі АТОР басылымына сілтеме жасап.

Болжаммен әуетораптың дамуымен Qatar Airways компаниясы айналысады. Ол жылына 14 миллион жолаушыны қабылдай алады. Құрылыс құны екі миллиард доллар болмақ және 2026 жылы іске қосылады.

Жаңа әуежайдан туристер кемінде 65 бағыт бойынша ұша алады. Сондай-ақ бұл әуежай құрлықтағы басқа да елдерге қатынауға арналған хаб болады. Қазіргі уақытта жолаушылар Африкадағы елдерге бару үшін Еуропаға және Таяу Шығысқа бір тоқтап, ары қарай ұшады.

Пандемияға дейін Руанда астанасы Кигали қаласындағы әуежай жылына бір миллион саяхатшыны қабылдап отырған, оның дамуына географиялық шектеулер кедергі болатын. Ол кішігірім төбеде орналасқан.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.