Мысырда белгісіз аурудың тарауына байланысты Қазақстанда шетелдік рейстерге бақылау күшейтілді

Мысырда анықталған белгісіз аурудың тарауына байланысты Қазақстанда шетелдік рейстерге бақылау күшейтілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің мәліметінше, аурудың белгілері денге қызбасына ұқсас. Бұл жоғарғы температура, құсу және бас айналу. Қазіргі уақытта әуежайда шетелден келген жолаушылардың дене қызуын тексеріп жатыр, ал ұшақтарда рейстер арасында дезинфекция жасалып жатыр.

"Егер санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары жоғарғы температурасы бар адамдарды анықтаған жағдайда оларды дереу әуежайдағы медициналық пункте ары қарай тексереді. Егер денге қызбасы анықталса, онда науқас қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жөнелтіледі", - деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Дарья Әзімбаева.

Осыған дейін денге қызбасы (маса шағудан тарайтын ауру) екі қазақстандықтан анықталды - Павлодар және Астана тұрғындарынан. Олар екеуі де Таиландта демалыс кезінде ауырған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!