Turkish Airlines жолаушыларға мессенджер қолдануға мүмкіндік берді

Turkish Airlines әуекомпаниясы әлеуметтік желіде халықаралық рейстермен ұшатын жолаушылар WhatsApp, iMessage және басқада мессенджерлерді қолдана алатынын жазды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бұл қызмет сәуір айында Miles & Smiles бонустық бағдарламасының мүшелері үшін қол жетімді болады, ал Classic Plus, Elite және Elite Plus деңгейіне жеткен жолаушылар кеңейтілген интернет-пакеті алады.

Бастапқыда мессенджерлер интернет Turk Telekom ұсынатын ұшақтарда, сосын әуекомпанияның барлық рейстерінде қолжетімді болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Turkish Airlines (@turkishairlines)

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!