2024 жылы қай ел ең танымал болады? Жасанды интеллект болжам жасады

Туристік трендтер сарапшысы Mabrian жасанды интеллект көмегімен саяхатшыларға 2024 жылғы Еуропаның ең танымал бағыттарына болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Euronews мәліметінше, Mabrian 2023 жылдың қаңтарынан қазанына дейін әлеуметтік желілердегі саяхатқа қатысты жазбаларды талдау үшін нейрондық желілерді пайдаланды. Адамдардың саяхатқа деген түрлі көзқарасын анықтау үшін туризмге қатысты 380 миллионнан аса сілтеме сараланды.

Зерттеулерге сәйкес соңғы жылдары жаһандық трендтерде өзгеріс анықталған. Атап айтқанда дәстүрлі саяхаттан гөрі эмоцияға толы саяхаттарға басымдық берілетіні белгілі болды. Бұл ретте әуетасымалы тұрғысынан бағыттардың халықаралық қолжетімділігіне де талдау жасалды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Italy ?? Benvenuti a tutti! (@italy)

Пьемонтты қоса алғанда, төрт танымал туристік бағыты бар, мәдениеті, табиғаты және гастрономиясы ерекше үйлесім тапқан Италия тізімде көш бастап тұр. Өзінің жүзім алқаптарымен және устрицаларымен (ұлулардың жеуге болатын түрі) танымал Францияның Нувель-Аквитаниясы екінші орынға тұрақтады. Ал мәдени және табиғи жерлері көп Шығыс Англия үшінші орынды еншіледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Voyage Occitanie (@voyageoccitanie)

Францияның Окситаниясы, Германияның Солтүстік Рейн-Вестфалиясы, ал Португалияның Лиссабоны 2024 жылғы рейтинг бойынша танымал болуға лайықты туристік бағыттардың соңғы орындарын қанағат тұтты.