2022 жылы туристер арасында ең танымал қалалар тізімі жарияланды

Сараптамалық Euromonitor компаниясы 2022 жылы туристер арасында танымал болған әлемнің жүздеген қалаларының тізімін жариялады, - деп хабарлайды Unian.net.

Биыл Еуропа қалалары көш бастады - рейтингке 40 еуропалық қала енген.

Қатарынан екінші рет үздік 100 қаланы Франция астанасы - Париж бастады, жалпы үздік ондыққа Еуропаның сегіз қаласы кірген. Мұны сарапшылар, бірінші кезекте Еуропадағы ішкі сапарлардың қолжетімділігімен, COVID- шектеулерінің жеңілдеуімен және халықаралық сапарлардың қайта қалпына келуімен байланыстырады.

Рейтинг алты критерийге байланысты құрылған: туризм саласындағы саясат, тұрақты даму, инфрақұрылым, денсаулық, қауіпсіздік және экономикалық көрсеткіш.

2022 жылы үздік 10 қаланың тізімі:

Париж
Дубай
Амстердам
Мадрид
Рим
Лондон
Мюнхен
Берлин
Барселона
Нью-Йорк

Азия өңірі коронавирусқа байланысты шектеулердің салдарынан түрлі деңгейдегі нәтижелерге ие болған. Пандемияға дейін Гонконг және Бангкок секілді азиялық бағыттар көш бастаған еді.