Қазақстандықтар Сейшел аралдарына тікелей ұша алады

Сейшел аралдарының ұлттық Air Seychelles әуекомпаниясы Қазақстанға тікелей рейстер ашады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған дейін Канаданың Монреаль қаласында өткен Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 41-ші сессиясы аясында қазақстандық делегация авиациялық билігімен келіссөздер жүргізді, соның нәтижесінде тарихта алғаш рет елдер арасындағы тұрақты рейстерді орындау үшін құқықтық базаны құратын өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

"Осы жұмыстың нәтижесінде "Air Seychelles" әуекомпаниясы ағымдағы жылдың 26 желтоқсанынан бастап Алматы - Маэ бағыты бойынша (Әбу-Дабиге техникалық қонумен), бейсенбі және жексенбі күндері А320Neo типті әуекемесінде аптасына 2 рейс жиілігімен тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр. Әуе рейстердің ашылуы Қазақстан мен Сейшел аралдары арасындағы туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады", - делінген хабарламада.

Air Seychelles - штаб-пәтері Сейшел халықаралық әуежайында (Mae) орналасқан Сейшел Аралдарының мемлекеттік авиакомпаниясы. Авиакомпания 1977 жылы ішкі рейстерді орындау үшін құрылған. Air Seychelles халықаралық рейстерін 1983 жылдан бастап орындайды. Әуекомпаниясының флоты A320neo, DHC-6 сиақты 7 ұшақтан тұрады. Air Seychelles Тель-Авивке (Израиль), Йоханнесбургке (Оңтүстік Африка), Плен-Магненге (Маврикий), Малеге (Мальдив аралдары) және Бомбейге (Үндістан) ұшады. 2022 жылы Air Seychelles World Travel Awards сыйлығы бойынша "Үнді мұхитының жетекші авиакомпаниясы", сондай-ақ "Үнді мұхитының үздік стюардессалары" атағын алды.