"15 минутта 8 афтершок". Неапольда жер сілкінісі тіркелді

Неапольде кейінгі 40 жылда болмаған жер сілкінісі тіркелді. Сейсмологтардың болжамы бойынша мұнымен жер асты дүмпулері тоқтамайды: ғалымда бір жойқын апат болады дегенде айтады. Алғашқы жер сілкінісі қыркүйектің соңында тіркелген, ал сейсенбіде Флегрей даласында магнитудасы 4 баллдық жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Жер сілкінісінің ошағы 3 шақырым тереңде болған. Тереңде болғанына қарамастан Неаполь тұрғындары оны сезді. Бұл жолы Везувий жанартауы емес, суастындағы жанартау оянған.

Жер сілкінісінен кейін 15 минутта 8 афтершок тіркелген. Эпицентрге жақын маңда орналасқа көшелердің тұрғындары үйлерінен қашқан. Алайда зардап шеккендер адамдар мен айтарлықтай бүлінген ғимараттар туралы мәлімет жоқ.

Соған қарамастан қала тұрғындары мен туристерге ескерту жарияланды - жер сілкінісі қайталануы мүмкін. Флегрей даласында сейсмобелсенділік күнсайын тіркелуі мүмкін. Қазанның 9-15 аралығында жергілікті билік эвакуация жаттығуларын өткізбек.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!