Арнайы зерттеу жүргізілді. Оған сәйкес ең тиімді бағадағы әуе билеттерін брондаудың оңтайлы сәті анықталды. Сондай-ақ тиімді бағамен қай күндері саяхаттауға болатыны айтылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Travel + Leisure порталына сілтеме жасап.
CheapAir.com сайтының жыл сайынғы зерттеуіне сәйкес билетті кемінде үш апта бұрын және кетуге дейін 2,5 айдан аспайтын уақыт ішінде брондау керек. Бұл - билетті төмен бағамен сатып алу үшін ең тиімді уақыт аралығы екен.
"Биыл билеттерді ең төмен бағада брондау мерзімі жолға шығатын күннен бастап шамамен 3 аптаға дейін ұзартылады. 2024 жылы сәл ұзағырақ күтуге тура келеді. Себебі кейде ең төмен тарифтерді жолға шығар алдын 2,5 айға дейінгі уақытта табуға болады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар зерттеуде жоспарланған сапарға бір аптадан аз уақыт қалғанда билетті сатып алатын саяхатшылар 59 пайызға көп төлейтіні айтылған. Бұл ретте билетті тым ерте, мысалы жолға шығарға дейін 280 күн бұрын брондаған жолаушылар, билетті ұшатын күні соңғы сәтте брондағандай жоғары бағаға тап болуы мүмкін.
Бұдан бөлек зерттеуді жүргізгендер әуе билеттерінің арзанырақ болуына кепілдік беретін белгілі бір күндер жоқ деп мәлімдеді. Дегенмен, жолға шығатын аптаның күні бағаға әсер етеді екен. Мәселен сәрсенбіде – ұшақтың билет ақысы ең арзан бағада сатылады. Сонымен қатар, әдетте аптаның ортасында билеттер әлдеқайда арзанырақ болады.
Сонымен қоса саяхатшылар кей кезде әуекомпания брондалған билеттің уақытын өзгертуі мүмкін екенін ескеруі керек. Егер бағасы төмендетілсе, олар тарифтегі айырмашылықты пайдалану үшін билетті қайта брондауы мүмкін.
Айта кетейік, ұшақ билетінің бағалары орта есеппен 49 рет өзгереді екен. Осы тұста бағадағы айырмашылық 100 долларға дейін жетуі мүмкін.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!