Вегандық диета несімен қауіпті екені белгілі болды

Қазір вегандық диетаны ұстайтындар көбейген. Оның денсаулыққа әсерін айқындау мақсатында көптеген зерттеу жүргізіліп келеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі tourprom сайтына сілтеме жасап.

Жақында Германияның қауіп-қатерді бағалау жөніндегі федералды институты (BFR) зерттеу жүргізді. Зерттеу барысында аралас диетаны ұстанатын 36 веган және 36 адамның сүйектерінің жай-күйі бағаланды. Зерттеуге қатысқан адамдардың өкше сүйегі ультрадыбыстық өлшегіш арқылы тексерілді. Нәтижесінде вегандық диетаны ұстанатын адамдардың көрсеткіштері төмен екені анықталған. Бұл вегандардың сүйектерінің жағдайы нашарлағанын айғақтайды.

Зерттеу барысында ғалымдар қан және несептегі биомаркерлерді де анықталды. Олар осы диетамен және сүйек саулығымен байланысты құнарлы заттектердің көрсеткіштерін анықтауға тырысты. Жалпы лизин амин қышқылы мен А және В6 дәрумендерін қоса алғанда, сүйекке қатысты 12 биомаркер анықталды. Талдау нәтижесіне сәйкес вегандарда осы биомаркерлердің концентрациясы өте аз екені белгілі болды. Бұл вегандардың сүйектері диета ұстанбайтын адамдардың сүйектеріне қарағанда әлсіз дегенді меңзейді.

BFR президенті, профессор, дәрігер Андреас Хенсель осы зерттеуге қатысты түсініктеме берді.

"Вегандық диета пайдалы саналады. Алайда ғылыми деректер диетаның сүйекке айтарлықтай әсері бар екенін көрсетеді", - деді ол.

Аталған деректерді басқа да ғылыми зерттеулер растайды. Вегандар сүйек саулығы үшін қажет құнарлы азық-түлікті аз тұтынады. Ал құнарлы заттардың басым бөлігі жануарлардан алынатын ет, тауық тәрізді азық-түліктерде болады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!