Кітаптар біз үшін Нарнияға апарар сиқырлы шкаф іспетті, бізді әп-сәтте шытырман оқиғалар әлеміне енгізеді. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі үйіңізде отырып-ақ әлемді аралап шыққандай әсер алатын саяхат жайлы ерекше кітаптар тізімін жасады.
"Тамақтан, сыйыну, сүй", Элизабет Гилберт
"Тамақтан, сыйыну, сүй" - саяхат туралы ең танымал кітаптардың бірі. Ол жас жазушының өмірін бір сәтте қалай түбегейлі өзгертуге шешім қабылдағаны туралы өмірбаяндық оқиғаға негізделген.
Ол ажырасып, жаңа баспанаға көшіп және әрине, үлкен саяхатқа аттанады . Нью-Йорктен ол бірден Римге барады, онда ол тамақты шынайы сүйсініп жеуді үйренеді, одан кейін Үндістанға аттанады, онда құдайға жалбарынып, жан тыныштығын іздейді, соңында Балиге барып жаңа махаббатын кездестіреді.
"Ессіз бай азиялықтар", Кевин Кван
Жақсы комедия және үлкен азиялық ақша әлеміне қысқаша экскурсия деуге болады. 2018 жылы бұл романның фильмге ретінде экранға шығуы "Алтын глобусқа" ұсынылып, "Ең үздік актер" үшін Ұлттық кино сыншылары Кеңесінің сыйлығын жеңіп алды.
Дегенмен, кітап фильмге қарағанда әлдеқайда қызықты екенін жасыра алмаймыз. Сюжеті сол баяғы Күлбикешті еске түсіргенімен, азиялық сарын оқиғаға мүлдем жаңа леп береді. Сонымен қатар, бай азиялықтардың Сингапурды қалай бағалайтыны жайлы оқу өте қызықты: бұл әлемнің орталығы, ескі ақша мен жаңа ақшаның тоғысқан жері және жер бетіндегі ең керемет қала.
"Әлемді 80 күнде шарлау", Жюль Верн
Алғаш рет 1873 жылы жарық көрген "Әлемді 80 күнде айналып шығу" әлі күнге дейін ең әйгілі шытырман оқиғалы романдардың бірі болып саналады.
Сюжет шытырман оқиғаға негізделген: романның басты кейіпкері ағылшын Филиас Фогг достарымен 19 ғасырдағы көліктің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, жер шарын батыстан шығысқа қарай 80 күннен аспайтын уақыт ішінде айналып өте алатынына бәс тігеді.
Фогг және оның француз қызметшісі Жан Паспарту саяхатты Англияда бастайды, содан кейін Франция, Италия, Мысыр, Үндістан, Қытай, Жапония және Америкаға барады. Жолда олар үнді сұлуы Ауданы құтқарып, үндістермен соғысып, ұрланған пароходпен мұхитты кесіп өтіп, із кесушіден қашады.
"Шантарам", Грегори Дэвид Робертс
Шынайы оқиғаға негізделген бұл бестселлер туындысыз мұндай кітаптаи топтамасын жасау мүмкін емес. Оқиға Үндістанның Мумбай қаласында өрбиді. Басты кейіпкер - австралиялық түрмеден Үндістанға қашып кеткен қарақшы. Кітапта оның басынан өткен барлық оқиғалар тізбегі: заңсыз сауда, үнді түрмесі, жергілікті мафиоздармен танысу, достық және Ауғанстандағы шытырман оқиғалар сипатталған. Романдағы іс-әрекеттер кейіпкердің басынан кешкен оқиғаларымен, философиялық толғауларымен астасып жатады.
Бұл кітап нағыз шытырман оқиғалы әуесқойларға - елдің рухын толық сезінгісі келетіндер мен Үндістанның шығыс атмосферасын сезінгісі келетіндерге арналған.
"Ва-ны" іздеуге кеткен жыл, Каррин Мюллер
Шаршамайтын саяхатшы және авантюрист Карин Мюллер "нағыз жапон әйелінің" рөлін сынап көру үшін Күншығыс еліне барады. Ол өзіне Жапонияның жұмбақ әлемінің қыр-сырын түсіндіретін сэнсэй ретінде ер адамды табады. Ал саяхат басталды... Бірақ Карин Мюллер өзі қалаған "Ва" әлемінің бір бөлшегін таба ала ма? Ол жапондықтардың жан дүниесін түсініп, осынау жабық және өте дәстүрлі қоғамға сіңісіп кете ала ма?
Кітапты әлемнің түкпір-түкпірінен келген оқырмандар Күншығыс елі туралы ең қызықты әрі тартымды оқиғалардың бірі ретінде танып, қызыға оқиды.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.