United States әуекомпаниясының ұшқышы турбулент жағдайынан қорқатындар үшін тәуліктің қай уағында ұшу керектігін айтты. Boeing 737 ұшағының ұшқышы Морган Смитт аэрофобиясы бар адамдарға таңғы уақытқа билет алуға кеңес берді, - деп хабарлайды The Sun.
Турбулент жағдайында кейбір жолаушылардың хал-жағдайы нашарлап, жүрегі айнып, үрейленуі мүмкін. Тәуекел жағдайды төмендету үшін, Смит таңғы рейстерге билет алуды ұсынады.
"Ауа температурасы көтерілгенде, турбулент жағдайдың болу ықтималдылығы өседі. Таңда күн ысымайды, сол себепті рейс турбулентсіз өтеді. Жолаушылар ұшақ дірілдеген сәтте небары сусынды төгіп алудан ғана қорқу керек. Көп жағдайда адамдар орнынан тұрып кетеді. Сол себепті қауіпсіздік белбеуін жақсылап тағып, сусынды ноутбук үстіне қоймаңыз", - деп түсіндірді ол.