Ұшақта қосымша тағамды тегін алудың жолы айтылды

Тәбеті жоғары жолаушылар ұшақта тегін қосымша тағам ала алады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Quora басылымына сілтеме жасап.

Мысалы, Еуропадан Азияға ұшатын рейстердегі тағамдар діттеген жерге жеткенде артылған тағамды қоқысқа тастайды екен.

Сол себепті әуекомпания өкілдері кейде қосымша тағам сұрағандарға қуанады. Ірі әуекомпанияның бортсерігі ұшақта тағамға тоймай қалсаңыз, қосымша алудың жолдарын айтты.

Қосымша тағамды тек барлық жолаушыларға қызмет көрсетілгеннен кейін сұрау керек. Талап етпей, сыпайы сұрау керек екені айтпаса да белгілі шығар. Егер мұндай адамдар бортта көп адам қосымша тағам сұрай бастаса, стюардессалар кімге беру керектігін өздері таңдайды, сол себепті барынша әуе саласының қызметкерінің есінде қалуға тырысу керек.

Әдетте қосымша тағамды бірнеше адам сұрайды, сондықтан сіз алдын ала нақты себеп дайындағаныңыз жөн: таңғы ас ішуге уақытыңыз болмады, алдыңғы рейсіңіз кешікті немесе сіздің денсаулығыңызға тойып тамақ ішу қажет.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!