Ұшақта ерекше қызмет көрсетілуі үшін не істеу керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Бортсерік экипаж мүшелеріне жағып, өзіңе жоғары қызмет көрсетудің жолын айтты, - деп хабарлайды stuff.co.nz.


Иконка комментария блок соц сети

Бортсерік экипаж мүшелеріне жағып, өзіңе жоғары қызмет көрсетудің жолын айтты, - деп хабарлайды stuff.co.nz.

Жаңа Зеландия бортсеріктер ассосциациясының президенті Крейг Фезерби стюардессаларға шоколад немесе әрленген ашықхат беруге кеңес береді. Оның айтуынша, мұндай әрекеттен кейін бортсеріктер жолаушыны қуана тегін шампан бокалымен қуантады. Алайда қымбат сыйлық немесе ақша берудің қажеті жоқ, себебі экипаж мүшелеріне ондайды алуға тыйым салынған.

Әуе саласында 18 жыл қызмет еткен маманның айтуынша, кейде бортсеріктер туған күн иелеріне немесе өзін жайсыз сезінген жолаушыларға ерекше қызмет көрсетуі мүмкін.

Фезерби бір оқиғаны мысал ретінде айтты: ұшақ бортында дәрігер болған, сөйтіп ол бір жолаушыға көмектескен. Осыдан кейін дәрігерді көмек үшін бизнес-санатына ауыстырған.

Air New Zealand компаниясының бортсеріктер бойынша бас менеджері Вив Винсенттің айтуынша, бортсеріктер барлық жолаушыға бірдей қарайды, олар әрдайым барлық рейстердегі әлемдік санаттағы қонақжайлылықты көрсетуге тырысады екен.

"Олардың жұмысы оңай емес, жолаушыларды діттеген жеріне жеткізу үшін барын салады, сол себепті әрбір сапар шеккен адам әуе саласының мамандарына рақметі ретінде мынаны істесе болады: сыпайы амандасу, жымию және алғыс", - деді Вив Винсент.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная