Ұшақта ең қауіпсіз жер арты болса, қымбат орындар неге алдында орналасқан?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com/Нинлуцка © elements.envato.com/Нинлуцка

Егер ұшақта ең қауіпсіз орын артқы жағы болса, ең қымбаты - бизнес немесе бірінші санаттағы орындар неге лайнердің алдыңғы жағында орналасқан? Бұл мәселені "Тонкости" басылымы анықтауды жөн көрді деп хабарлайды Tengritravel.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Егер ұшақта ең қауіпсіз орын артқы жағы болса, ең қымбаты - бизнес немесе бірінші санаттағы орындар неге лайнердің алдыңғы жағында орналасқан? Бұл мәселені "Тонкости" басылымы анықтауды жөн көрді деп хабарлайды Tengritravel.kz.

Бұл мәселенің шешімі оңай болып шықты, ол әуелайнерлерінің конструкциясына байланысты. Яғни қомақты ақша төлеген адам жайлы орнына тезірек жеткісі келеді. Ал негізгі кіре беріс ұшақтың алдыңғы бөлігінде.

Екінші бір мәселе бар, ол ұшақтың қозғалтқышы қанаттардың астында орналасқан, одан шығатын шу артқа естіледі де, "бизнесте" отырғандарды мазаламайды.

Оның үстіне терезеден қарасаңыз да сізге бел ортада тұрған қанаттар бөгет тудырмайды екен. Ал ұшақтың алдыңғы бөлігінің артына қарағанда қауіптілігі төмен саналғанымен, турбуленция кезінде ұшақтың ортасы мен арты көбірек дірілдейді екен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная