Интернетте және әлеуметтік желіде әуебилеттерін іздеу кезінде арамза сатушыларға кезігу қаупі бар. Клиенттерден ақша алып, алаяқтар оларға басқа жарамсыз билет беріп жіберуі мүмкін.
Бұл мақалада біз әуебилетін алу кезіндегі кең тараған алаяқтық әдістер жайлы және өзіңізді қауіпсіздендіру лайфхактарымен бөлісеміз.
Қазіргі уақытта алаяқтар клиентті алдаудың мынадай әдісін қолданады: клиент әуебилетін немесе әуебилет қамтылған тур алу кезінде, алаяқтар онлайн ресурстарда әуекомпаниядан тікелей қайтарылатын билет алып, бағыттық квинтация алады және билетті кері өткізіп жібереді. Ал базада бағыттық квитанцияның жалған көшірмесі пайда болады. Нәтижесінде клиент еш алаңдамай жүре береді, бірақ оның билеті жарамсыз.
Алаяқтар адамдарды әлеуметтік желілер арқылы да сан-соқтырып кетуі мүмкін. Мысалы, қазір Телеграм боттарын пайдалану танымал болып жатыр, ол арқылы тіпті билет немесе толық тур сатып алуға болады. Олар сатып алушыларды бағамен қызықтырады, бірнеше есе арзандатылған бағаға іліккендер ақшасынан қағылады. Олар ақшаны алған бетте клиентке жарамсыз билет жібереді немесе мүлде жауап бермей қояды.
Aviata.kz (нарықтағы ірі сервистердің бірі) алаяқтық құрбаны болмау үшін мынадай кеңес береді:
- Мәліметті интернеттен қараңыз. Бұрын соңды естімеген фирмадан алатын болсаңыз, ол туралы мәліметтерді іздестіріп көріңіз. Қазіргі уақытта фирманың қанша жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын, салық төлей ме және басқа да мәліметтерді тексеруге болатын көптеген сайттар бар. Негізінен нарықта ұзақ уақыттан бері бар, ірі, танымал агенттіктерге жүгінуге кеңес береміз. Сол арқылы сіз уақытыңызды үнемдеп, қаражатыңыз үшін тәуекелге бармайсыз.
- Сұрақтар қойыңыз. Егер сіз танымал емес фирмадан алатын болып шешсеңіз, сұрақ қоюдан қорықпаңыз. Сізде ақпарат көп болған сайын, жағдайды бағамдау мүмкіндігі пайда болады.
- Қаражат төлеу әдісіне назар аударыңыз. Сенуге болатын компаниялар аударым жасау немесе қолма-қол ақы төлеуді талап етпейді. Сонымен қатар, чек талап етіп, оны сақтап қойыңыз.
Бағаға назар аударыңыз. Әуекомпания сайтындағы бағадан әлдеқайда арзан баға көрсеңіз, бұл көбіне алаяқтық әдісі болады. Кейде әуебилеттер басқа ресурстарда акция аясында арзан болуы мүмкін, алайда оны ресми сайттардан, БАҚ беттерінен және әлеуметтік желіден табуға болады.
Бронь шынайылығын тексеріңіз. Егер сіз белгісіз компаниядан немесе әлеуметтік желіде сатып алып қойған болсаңыз, өзіңіздің бронь нөмірі арқылы тексеруді ұмытпаңыз. Ол үшін қажетті әуекомпания сайтына кіріп, брондау туралы ақпарат категориясын таңдап өз мәліметтеріңізді теріңіз. Егер бронь жалған болып шықса, онда дереу құзырлы органдарға хабарласу қажет.
Қорытынды кеңес - өздігізден билет алудан қорықпаңыз. Онлайн-агенттіктер арқылы таңдап, ұшаққа не пойызға билет алу өте жеңіл. Қазақстандық Aviata.kz сервисі 2013 жылдан бері саяхаттауды ыңғайлы және қауіпсіз етіп ұйымдастырады. Онлайн-сервис командасы өнімді жақсартып, билет алу кезіндегі әр қадам ашық, қарапайым әрі түсінікті болу үшін жақсартып отырады. Авиата - IATA (халықаралық әуе тасымалы ассоциациясы) аккредиттелген сервисі. Бұл компанияның сенімді серіктесі екенінің белгісі және ассоциацияның барлық талаптарына сәйкес келеді.
Қосымша және сайт қолданушыларының жеке кабинетінде сақталған мәліметтер авторизациялаумен қорғалады. Әрбір аккаунта телефон нөміріне тіркелген және тек нөмірдің иесі ғана қолдана алады. Авиата арқылы әуебилет брондау жаһандық брондау жүйесінді тікелей жүргізіледі. Төлеу процесі де ашық және түсінікті, сервистің төлем серіктестері PCI DSS стандарты бойынша жұмыс істейді, бұл қауіпсіздікке кепілдік береді.
Сатып алынған билеттер туралы мәліметтер сіздің жеке кабинетіңізде сақталады. Сол жерден брондауды өздіңізден басқара аласыз. Бірнеше минут ішінде сіз билетті қайтара аласыз немесе ауыстыра аласыз. Авиатаның қолдау орталығы 24/7 режимінде жұмыс істейді және сізге туындаған мәселелерді лезде шешуге көмектеседі.