Туристердің қонақүйде жиі жіберетін қателіктері айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

АҚШ-тың Аризона штатындағы бутик-қонақүйдің 19 жылдан бері меңгерушісі болып келе жатқан Кевин Гилберт тәжірибесіне сүйене отырып, келушілерге бірнеше кеңес берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың Аризона штатындағы бутик-қонақүйдің 19 жылдан бері меңгерушісі болып келе жатқан Кевин Гилберт тәжірибесіне сүйене отырып, келушілерге бірнеше кеңес берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Гилберттің сұхбатын Wellandgood басылымы жариялады.

Өзге елде демалып жүргенде туристер өзге демалушылар мен қонақүй қызметкерлеріне дөрекілік көрсеткендерін өздері байқамай қалады екен.

Алдын ала ескертусіз брондаған бөлмеге ерте орналасу немесе кеш босату

Қонақ ерте келуді жоспарлаған болса, оны бір күн бұрын немесе одан ерте ескерткен жөн. Бөлмені белгіленген уақыттан кеш босататын болса да ескерткен абзал. Бұл сыпайылыққа жатады. Уақытты жоспарлау қонақүй қызметкерлеріне бөлмені келесі келушілер үшін жинап, дайындап қою қажеттілігімен байланысты.

Әлбетте қонақүй қызметкерлері сізге бар жағынан көмектесуге тырысады. Алайда ол әрдайым мүмкін емес, ондай кезде келушіде қонақүй туралы жаман пікір қалыптасады, ал қызметкерлер белгілі бір деңгейде стресстік күйге түседі.

"Тыныштық уақытын" елемеу

"Түнгі 10 мен таңғы 7 аралығы көптеген қонақүйлерде тыныштық сақталады. Мұны "тыныштық уақыты" деп те атап кеткен. Бұл кезде лифт, лобби, тіпті өз бөлмеңізде де тыныштық сақтау керек. Бұл да қарапайым сыпайылық, ол арқылы сіз өзге демалушылардың көңілін бұзбайсыз.

Қосымша шығын үшін ақшаның картаға қайтарылуы

Қонақүйге кіргеннен кейін тұрғындар бірден картасын тіркеп қояды. Бұл сіз қосымша қызмет пайдалансаңыз, ақысын картадан шешіп ала беру үшін жасалады. Ал егер айталық, нөміріңізде қызмет көрсету немесе мини-бар сияқты ұсыныстарды пайдаланбасаңыз, сізге оның ақшасы толықтай қайтарылады. Бірақ көптеген адамдар ол қаржы картаға бірден түсе қалмайтынын білмей жатады.

Көптеген адамдар қонақүйге меңгерушісіне қоңырау шалып, ақшаны неге қайтармай жатырсыздар деп шағымданады. Бірақ транзакцияны тек банк жүргізеді ғой, олар ақшаны бес және жеті жұмыс күні аралығы ұстап тұрады.

Гилберт қонақүйге келушілерді қаржысын қалай жұмсап жатқанын қадағалап, бірдеңе түсініксіз болса қызметкерлерге түсіндіріп беруін сұрау керегін айтады.

"Өтініш" және "рахмет" сөздерін елемеу

Келушілерге "өтініш" және "рахмет" сөздерін айту түкке тұрмайды. Ал қызметкерлер үшін бұл елеулі, қуантып тұрады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная