Турист демалыс кезінде алаяқтардан аулақ жүрудің тәсілін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pixabay.com Көрнекі сурет: pixabay.com

Ейск тұрғыны курорттық жерлерде туристерді алдайтын алаяқтарды полицияға апаруға немесе жай ғана "қуып жіберуге" кеңес берді. Бұл кеңес, ең алдымен, көбіне түрлі жануардың "киімін" киіп, суретке түсуді ұсынатын алаяқтарға қатысты болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ейск тұрғыны курорттық жерлерде туристерді алдайтын алаяқтарды полицияға апаруға немесе жай ғана "қуып жіберуге" кеңес берді. Бұл кеңес, ең алдымен, көбіне түрлі жануардың "киімін" киіп, суретке түсуді ұсынатын алаяқтарға қатысты болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Әйел Яндекс.Дзендегі блогында мұндай суретке түсетіндердің туристерді қомақты сомаға алдауға тырысқаны туралы жазды.

"Мұндай жағдайлар көп. Тек біздің қалада ғана емес, басқа курорттық және туристік қалаларда да бар. Адамдар суреттер үшін көп ақша төлейді", - деп жазады блог авторы.

Әрі қарай ол туристерге мынадай кеңестер береді:

"Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз, алдымен олардан осы қызмет түріне рұқсаты бар-жоғын сұрауды ұсынамын. Оларда бар болуы - екіталай. Немесе сіз бірден полиция пунктіне баруды ұсына аласыз, Ейскіде орталық жағажайда кіреберісте және ойын-сауық саябағының жанында бар. Егер сіз "аниматорларды" жұмыс үшін ынталандырғыңыз келсе – ол "сізге толық баға көрсетілмегенін, барлық шарт түсіндірілмегенін, сондықтан сіз дәл айтылған соманы төлейсіз" деп кеңес береді. Қолма-қол немесе онлайн төлеуге болады. Егер сіз мүлдем төлегіңіз келмесе, онда олар телефоннан суретті өшіреді. Немесе ақша төлейсіз", - деп қосты блог авторы.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная