Тәжірибелі саяхатшы қонақүйдегі ақша тауып алуға болатын жерді атады

Кейбір қонаүйлердің бағасы қалтаны қағатыны бар, алайда жолы болғыш кейбір қонақтар ақшасының бір бөлігін қайтарып алады екен. Бұл туралы Хейли Мишель атты турист TikTok аккаунтында айтып берді.

@misshaleymichelle никнеймді саяхатшы әлемдегі түрлі қонақүйлерде жиі болады, олардың кейбірінен ол ақша тауып алатынын айтады. Өйткені ол ақшаны қай жерден іздеу керегін біледі - Інжіл кітабынан.

Блогердің сөзінше, қонақүйлердің көбінде қасиетті кітаптар сақталады. Әдетте үстел тартпасы немесе төсек басындағы тумбочкада. Ал ақшаны дәл осы кітапқа тастап кету себебі, өзге адамдарды сол қасиетті кітапты қолға алып, оны оқуға қызығушылық тудыру үшін жасалатындықта.

Алайда мұның басқа да себептері бар болып шықты. Inflation Hedging қаржы блогерлерінің сөзінше, адамдар мұны кейде жолын ашу үшін немесе қайырымдылық мақсатында да жасайтын көрінеді. "Бұл бөлмені жинаушыларға шай-пұл берудің бір жолы болып келеді, олар нөмірді жиыстырып жүріп кітаптағы ақшаны тауып алады", - дейді сарапшылар.

Кітапқа салынған ақшаны құр ала салып жүре беруге болмайды екен. Кітаптан ақша тауып алған жағдайда, оның бәрін алып алмай бір бөлігін өзге адам үшін қалдырып кету қажет.

Бұл қонақүй нөмірінен тауып алуға болатын жағымды дүние болса, ашуға тудыратын жағдайлар да болып жатады. Мәселен біраз уақыт бұрын Airbnbs қызметі арқылы брондалған бөлмелерден турситер жасырын камералар тауып алған көрінеді. Мұндай келеңсіздікке тап болмас үшін британиялық детектив және қауіпсіздік бойынша маман Bond Rees туристерге кеңесін берді: нөмірге кіре салысымен заттарыңызды реттемей тұрып, бұрыштардың жоғары жағын және үй немесе бөлме алақандағыдай көрінетін орындарды тексеру қажет. Сонымен қоса, камераны жасыруға болатын шам, теледидар сияқты заттарды да қарап шыққан жөн екен.