Тәжірибелі саяхатшы бизнес санаттағы билетті экономнан арзан алу жолын айтты

Ұлыританиялық саяхатшы бизнес санаттағы билетті экономнан да арзан сатып алудың жолын айтты, деп хабарлайды Tengritravel.kz порталы Mirror басылымына сілтеме жасап.

Кэмерон Стюарттың сөзінше, ақшаны үнмедеу үшін браузердегі тілді ауыстырса болғаны. Сантьягодан (Чили) Пасха аралына дейін оңтүстік америкалық Latam Airlines әуе компаниясынан билет сатып алған кезінде ол осы тәсілді қолданған.

Сонымен қоса, билет сатып алу кезінде ол VPN-сервисін пайдаланған. Ол өзін Чилидемін деп көрсетіп, браузер тілін ауыстырған.

"Мен браузерден барлық cookie файлдарын өшірдім, сондықтан сайт менің елде емес екенімді анықтай алмады. Браузерді испан тіліне ауыстырып, билет алу үшін Google Translate қызметін пайдаландым. Осылайша, су жаңа Boeing 787 ұшағынан орын алдым", - дейді ол.

Әуе компанияларында билетті брондау кезінде қай тілді пайдаланатыныңызға қарай баға да түрленуі мүмкін екен.

"Жақсырақ ұсыныс алу үшін әуе билеттерінің сайтын бірнеше тілде тексеріп көріңіз", - дейді саяхатшы.