Стюардессалар ұшуға жарамсыз киім түрлерін атады

Әр түрлі әуекомпанияның бортсеріктері ұшу кезінде ыңғайсыздық туғызатын киім түрін атады, - деп хабарлайды The Sun.

Кэти Эллен есімді бортсеріктің айтуынша, ұшақта джинсы кимеген абзал, өйткені қысып тұратын киім қан айналымын бәсеңдетеді және асқазанға қиындықтар туғызады-мыс. 

Сондай-ақ, үйленіп жатқан жас отауларға дәстүрлі той көйлегі мен костюм кимеуге шақырады, өйткені бұл әбден ығырыңызды шығарады екен. 

Реклама
Реклама

Басқа да стюардессалар тырысып тұратын іш киім, ұзын юбка және комбинезон кимеуге кеңес береді.