29 наурыз 2024 11:17

Блогер саяхатқа қатысты 5 тиімді лайфхакпен бөлісті

Фото: pixabay.com

Жақында блогерлердің бірі ерекше лайфхактар туралы видео жариялап, миллионнан аса көрерменнің назарын аударды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жақында блогерлердің бірі ерекше лайфхактар туралы видео жариялап, миллионнан аса көрерменнің назарын аударды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

TikTok әлеуметтік желісінің пайдаланушысы саяхатты жеңілдетудің, оны ыңғайлы әрі жағымды етудің ерекше 5 тәсілімен бөлісті. Аталмыш кеңестер өмірді жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен қатар багаждағы орынды үнемдейді.

@nstgal лақап атымен танымал әлеуметтік желі пайдаланушысы төмендегідей лайфхактарды ұсынды:

Реклама
Реклама

1. Түйме - сырғалардың сенімді сақтаушысы. Бұл қарапайым әдіс кішкентай әшекейлерді жоғалтып алмауға септеседі;

2. Ашылмайтын белдік. Бүктеудің ерекше тәсілінің арқасында белдік енді сөмкеде көп орын алмайды.

3. Үлкен бөтелкелердің орнына кішігірім құтылар. Косметикалық заттарды кішігірім құтыларға ауыстыру арқылы орын үнемдеңіз;

4. Косметиканы қорғауға арналған мақта. Егер сіз далап пен ұнтақтың арасына мақта салып қойсаңыз, олар шашылып кетпейді;

5. Сұйықтықты ағып кетуден «полиэтилен пленкасы» қорғайды. Пленкамен орау - бөтелкелерден сұйықтықтың ағып кетуіне жол бермеудің қарапайым және тиімді әдісі.

@nstgal Follow me for more tips🥰 #organizationhacks #cleantok #cleaningtiktok #lifehack #cleanwithme #traveltips #traveltiktok #travelhacks #organizingtiktok #organization ♬ rock your body clara la san - sound plug

Көрермендер ролик авторына алғысын жаудырды. Олар саяхат барысында оның кеңестері қалай көмектескенін айтып, ризашылығын білдірді.

Алайда полиэтилен пленкасына қатысты лайфхактың пайдалы тұсын жоққа шығарған да болды. Дегенмен оқырмандардың басым бөлігі осы әдіс-тәсілді қолданып көру қажет екенін айтқан.

"Данышпансыз", "Сіз пленкамен трюкті қалай жасайтыныңызды білмеймін, бірақ менікі іске аспады, сұйықтық ағып кете береді", "Керемет лайфхактар үшін рахмет!", "Егер мен мұны ертерек көргенімде рюкзагымның жартысы бүлінбес еді", - деп жазды олар.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!


Читайте также
Реклама
Реклама