Стюардесса ұшу кезінде қандай жолаушыларды көбірек бағалайтыны туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Shutterstock © Shutterstock

Өз есімін құпия сақтағысы келген стюардесса ұшаққа отырғызу кезінде жолаушыларды қалай бағалайтынын және ұшу кезінде экипаж үшін олардың қайсысы маңызды екенін айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz Daily Express-ке сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Өз есімін құпия сақтағысы келген стюардесса ұшаққа отырғызу кезінде жолаушыларды қалай бағалайтынын және ұшу кезінде экипаж үшін олардың қайсысы маңызды екенін айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz Daily Express-ке сілтеме жасап.

Стюардессаның айтуынша, ол ең алдымен жолаушының физикалық және психологиялық жағдайына назар аударады.

"Адам алкогольдік ішімдік ішкен, мас күйде ме? Ол қаншалықты тұйық немесе ашық жарқын? Оның денісаулығы қалыпты ма, қай орында отырады және ағылшынша сөйлей біле ме - жолаушыларды қарсы алып жатқанда мені осындай ойлар мазалайды. Әлбетте, біз бортқа мас жолаушының отырғанын қаламаймыз, өйткені ол ұшу кезінде қиындықтар туғызуы мүмкін", - дейді стюардесса Reddit ресурсындағы постында.

Оның айтуынша, денсаулығы мықты, әрі күшті жолаушы күтпеген жағдайлар туындаған кезде көмектесе алады. Мысалы, ол люкті жылжытуға немесе ауыр есікті ашуға қабілетті болады. Сондай-ақ, борттағы осындай адамдар террористік шабуылда экипаж мүшелеріне көмек бере алатындығымен бағаланады.

"Бұл мен үшін қосымша көмек ресурсы. Егер ұшу кезінде төтенше жағдай туындаса, мен ол адамдардан жеке сұраймын, егер ол қажет болған жағдайда, бізге көмектесуге дайын ба?", - деп түсіндіреді стюардесса қыз өз әрекетін, сондай-ақ, ол ойша ұшақ салонында физикалық жағынан күшті жолаушылардың қай орындарда отырғандығын есіне түсіреді екен.

Сонымен қатар, бортсеріктер жолаушылардың арасынан өздерінің әріптестерін анықтауға тырысады екен. Бұрынғы немесе қазір де стюардесса, бортсеріктер, мысалы, демалысқа ұшатындар, ұшу кезінде төтенше жағдай кезінде әрқашан көмектесе алады, өйткені олар өздерін қалай ұстау керектігін біледі.

Сондай-ақ, қыз ұшақ салонында басқа адамдардың ауру жұқтыруына жол бермес үшін ауру белгілері бар жолаушыларды салонға жібермеуге тырысатынын айтты.

Осыдан дейін ресейлік стюардессалар өз армандарындағы жолаушыны былай сипаттаған: бірінші кезекте - сыпайы жолаушылар, екінші орында - өте сабырлы, үшінші орында - ұшу кезінде ұйықтап жататын жолаушылар. 

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная