Стюардесса ұшақтың құстармен соқтығысуынан қандай қауіп барын айтты. Бұл қозғалтқыштың істен шығуына әкелуі мүмкін,- дейді ол Instagram парақшасында.
Юлия атап өткендей, лайнер құрылымы соққыға төтеп бере алатындай берік болады. Егер құс кішкентай болса, жүргізуші оны байқамай қалуы да мүмкін. "Ірі құс болса, не топпен ұшса, сол қауіпті. Алайда көбінесе мұндай оқиғалар ауыр зардаптарға әкелмейді", - деп жазады стюардесса.
Стюардессаның айтуынша, ұшақтың құстармен соқтығысуы көбінесе ұшу және қону кезінде болады: статистикалық мәліметтерге сәйкес 47 пайызы қозғалтқышқа, 19 пайызы қанаттарға, 16 пайызы мұрынға, 12 пайызы кабинаға түседі екен.
"Әуежайларда жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін құстарды бақылау қызметі жұмыс істейді. Олар құстардың ұшақтарға кедергі жасамауын қадағалайды. Олар құстарды үркітетін бірқатар шаралар әзірлеп жатыр: қатты соққылы зеңбіректерді, атыс дыбыстарын немесе жыртқыш құстардың дыбысын келтіретін акустикалық қондырғыларды қолдану", - дейді блог авторы.⠀
Сонымен қатар, бортсерік әуе кемесінің қозғалтқышына құспен соқтығысқаннан кейін зақым келсе, екіншісі бар екенін еске түсірді. Заманауи лайнерлер тіпті бір қозғалтқышпен де ұша алады, ал барлық ұшқыштар төтенше жағдайларды арнайы тренажерларда дайындықты алты айда бір рет жасап тұрады екен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram