Аустралиялық стюардесса жолаушыларды телефон камерасына бортсеріктерді видеоға түсіріп және интернетке әуе саласының мамандарын сынайтын видео жүктеуін доғаруға шақырды, - деп хабарлайды stuff.co.nz.
Аустралияның бортсеріктер ассоциациясының федералды хатшысы Тери О'Тулдың айтуынша, бортсеріктерді видеоға түсіріп, олардың жұмысын сынау үйреншікті іс болып кеткен.
"Сіз телефоныңызды алып официант немесе құрылысшының жұмысын видеоға түсіресіз бе? Жолаушылар үшін бұл сүйікті іске айналған секілді. Олар аты жазылған бейджді түсіріп, ұшу кезіндегі олқылықтарды дөрекі тонмен баяндайтын болған", - дейді О’Тул.
Бортсеріктің айтуынша, экипаж мүшелері - әуекомпанияның ең танымал қызметкерлері, сол себепті көбіне солар еш себепсіз "таяқ жейді" екен.
"Қазіргі уақытта әуекомпаниялар жұмысындағы ақауларға байланысты жағымсыз пікірлер өте көп. Сондықтан болар, кез келген сын бортсерікке айтылады. Бірақ мұны өзгерту керек", - дейді ол.