Америкалық бортсерік қыз Кэт Камалани ұшу кезінде өзіне жолыққан танымал адамдарға баға берді және олардың әрқайсысының әрекеті туралы пікір білдірді. Ол мұны TikTok-аккаунтында жариялаған видеода айтқан.
Бірінші кезекте стюардесса Ким Кардашьян-Уэстпен кездесуі жайлы сөз қозғады. Оның айтуынша, танымал кәсіпкер Лос-Анджелестен Нью-Йоркке бара жатқан және қатты шаршағаны байқалған. Алайда соған қарамастан ол барынша мейірімді болған. Сонымен қатар, Камалани тележұлдыздың тазалыққа қайшы әрекеті туралы айтты. Қыздың айтуынша, Кардашьян әжетханаға жалаңаяқ барған.
Сондай-ақ, әуекомпания қызметкері аралас жекпе-жек майталманы Конор МакГрегормен бірге ұшқанын айтты. Бірақ күйеуі МакГрегордың кім екенін айтқаннан соң ғана спортшының кім екенін білген. Бортсерік қыз актриса Элизабет Берклиді көрген. Оның айтуынша, ол өте мейірімді және 10 баллдың онында алған.
Стюардесса ұлыбриталиялық супермодель әрі Victoria's Secret "періштелерінің" бірі Роузи Хантингтон-Уайтлиді көрген. Камалани сән әлемінің өкілі туралы да жақсы пікірде және жұпар иісті екенін айтады және ол "шынайы өмірде өңделген сурет" секілді көрінген. Блогер қыз 33 жастағы модельдің бортта ештеңе ішпегенін және дәм татпағанын айтады: оның өзімен бірге тек бір бөтелке суы болған.
Әуекомпания қызметкерінің аккаунтына жазылған оқырмандар оның осы видеосын көріп, жұлдыздарды сынай бастады. Кейбіреулері жылы лебіздер білдірген. "Әжетханаға жалаңаяқ баратын адамның басында не болып жатыр екен?", "Жұлдыздар да адамдар!", "Құдай-ау, Элизабет Берклидің мейірімді болғаны үшін қатты қуанып отырмын", "Victoria's Secret моделі Нью-Йорктен Лондонға ұшып, тек су ішіп отырды ма? Көңілге қаяу түсіреді екен", "Мен Конор МакГрегормен бірге ұшсам, құлап қалатын шығармын", - деп жазды олар.
@katkamalani Rating celebs I’ve met. #flightattendants #celebrities #fyp #flightattendantlife #kkw #celebrity
♬ original sound - Kat Kamalani