Стюардесса жолаушыларға айтылмайтын құпияларын бөлісті,- деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Еxpress.co.uk басылымына сілтеме жасап.
Бірнеше әуекомпаниясында жұмыс істеген қызметкер контент алмасу сайтында бірқатар құпияларын бөліскен. Мысалы, ол ұшу кезінде жолаушыларға пайдаланылған жамылғы берілуі мүмкін екенін айтқан.
"Бұл компания бізге жаңа көрпе мен жастықты жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етпегендіктен солай болды", - деп түсіндіреді стюардесса. Саяхатшылар жеке заттарын алып жүрсе, өздеріне ыңғайлы болып, жайлы сезінер еді, - дейді ол.
Сонымен қатар, ол ұшақтың мұнтаздай таза болмайтынын атап өтті.
"Соңғы тазалау қашан жүргізілгенін біз нақты айта алмаймыз", - деп жазады стюардесса.
Транзит кезінде тек кілем тазаланады, дәретханалар керек-жарақпен толтырылады және тазалағыш заттармен өңделеді, - дейді стюардесса.
Осы себепті саяхатшыларға ұшу кезінде аяқ киімін шешпеуге кеңес береді.
Ол сондай-ақ ұшақтағы тамақтану туралы да айта кетеді. "Сізге берілген түскі ас салауатты, деніңізге саулық береді деп те толық айта алмаймыз", - деп бөліседі стюардесса.
Сонымен қатар, жолаушылар рейстің кешігуіне қатысты нақты деректерді де ешқашан біле алмайды екен.