Стюардесса әуежайда бағасы тым қымбат тауарларды атады

Экс-стюардесса әуежайда негізсіз жоғары бағамен сатылатын тауарларды тізіп берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Business Insider сайтына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, әуежайда тамаққа артық ақша жұмсаудың қажеті жоқ. Жергілікті қымбат мейрамханалар мен кафелерге ақша жұмсамаудың бір жолы бар. Сөмкеде төгіліп кетпейтін, мәселен сэндвич тәрізді азық-түлікті өзіңмен бірге алып жүруге болады.

Стюардесса суға қатысты да осындай кеңес берді: бос бөтелкені сөмкеге салып, ұшаққа отырғызар кезде арнайы терминалдардан құйып алуға болады.

Сонымен қатар сарапшы Duty Free сияқты бажсыз сауда дүкендерінде тауарлар әлдеқайда арзан деген пікір қалыптасқанын атап өтті. Дегенмен, керісінше, мұндай жерлерде тауарлар басқа жерлерге қарағанда қымбат болады дейді.

"Егер іздеуге уақытыңыз болса, желіде әлдеқайда жақсы ұсыныстарды таба аласыз", - деп түсіндірді ол.

Оның пікірінше, әуеайлағында валюта айырбастаудан аулақ болу керек. Өйткені әуежайлардың валюта бағамы ең тиімсіз екен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!