Украиналық стюардесса әуеде болатын кептелістің себебін атады. Бойжеткен мұны өзінің TikTok парақшасында жариялаған видеода айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы.
Тая есімді стюардессаның айтуынша, әуежайларда ұшу-қону жолағының болмауына байланысты ұшақтар кептелісте тұрып қалады екен. "Пандемияға дейінгі кезеңде рейстер саны үнемі өсіп отырды, ал әуежайларда жолдар салуға уақыт болмады", - деп түсіндіреді ол.
Осы себепті ол үлкен әуежайларда ұшақтар бірнеше сағатқа кезекке тұруы мүмкін,- дейді ол. Ол ауада кептелістер әуе лайнерлері аэродромның үстінен қонуды немесе айналуды күтіп тұрған кезде пайда болады дейді.
Бұған дейін тағы бір стюардесса ұшаққа жолаушылардың отыруы туралы айтқан болатын. Стюардесса атап өткендей, жолаушылар ұшаққа сол жақтан ғана отырады. Оң жақта техникалық қызмет көрсету, багажды тиеу және түсіру, ұшаққа май құю және бортқа азық-түлік тиеу жүзеге асырылады.
@taisacabincrew в конце показала, как выглядит пробка из самолетов в воздухе? #стюардесса
♬ The Strumbellas - Spirits - Alikhan