Шетелдік туристер Бозжыра шатқалындағы құрылысқа қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Франция, Африка, Ауғанстан және Қазақстан туристері Бозжыра шатқалында қонақүй салу жоспары туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Франция, Африка, Ауғанстан және Қазақстан туристері Бозжыра шатқалында қонақүй салу жоспары туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Шетелден келген саяхатшылар шатқалда бутик-қонақүй салуға наразы екенін айтты. Шетелдік қонақтардың видеоүндеуін жергілікті тур ұйымдастырушысы және саяхатшы Сергей Хачатрян жариялады. Оның "Бұл жерге қонақүй салуға қатысты не ойлайсыз?" деген сұрағына, әр елден келген қонақтар жауап берді:

"Қарсымын, түбегейлі қарсымын. Бұл жерде құрылыс болмау керек, бұл - талқандау", - дейді туристер.

Бұған дейін Сергей Хачатрян Бозжыра шатқалында шақпатастың үйіндісін видеоға түсірді. Желі пайдаланушылары мұны шатқалда қонақүй құрылысының басы деп болжады. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіндегілер шақпатас инвесторлар командасының қонақүй салатын орнына барғаннан кейін қалғанын түсіндірді.

Еске салайық, 7 қарашада Желіде Бозжыра шатқалында құрылыс техникасы әкелінгені түсірілген видео жарияланды. Сол күні Маңғыстау облысында Rixos Water World Aktau қонақүйін салған инвесторлар облыс территориясында "Бозжыра сафари-отель" бутик-қонақүйін салуды ұсынғаны белгілі болды.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіндегілер Бозжырадағы нысанның құрылысы заңға сәйкес қоғамдық талқылаудан, экологиялық сараптамадан, қоршаған ортаға әсерінің бағалауынан өтуі керек екенін айтты. 

Сарапшылар Бозжыра шатқалында құрылысқа тыйым салудың алты себебін атады. 

Басылымының мәліметінше, 10 қарашада шатқалдан құрылыс техникасы шығарылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная