Сарапшылар әуедегі турбулент түрлерін атап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/Jan-Mallander © pixabay.com/Jan-Mallander

Егер соңғы уақытта сіз ұшақта бұрынғыдан қарағанда тербеліс толқынын ерекше сезініп жүрген болсаңыз. Бұл сіздің қиялыңыз емес. Сарапшылар да атмосферадағы турбуленттіліктің ұлғайғанын растап отыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The National басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Егер соңғы уақытта сіз ұшақта бұрынғыдан қарағанда тербеліс толқынын ерекше сезініп жүрген болсаңыз. Бұл сіздің қиялыңыз емес. Сарапшылар да атмосферадағы турбуленттіліктің ұлғайғанын растап отыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The National басылымына сілтеме жасап.

Турбуленттіліктің көптеген түрін болжауға болады, сол себепті тәжірибелі ұшқыштар олардың алдын алады. Алайда ауа райының құбылмалылығы әуекомпанияларын тиімдірек бақылауды қамтамасыз ету үшін жаңа технологияларды енгізуді талап етеді. Сарапшылар турбуленттіліктің әр түріне, олардың ұшу кезінде жолаушылардың жайлылығына қалай әсер ететініне шолу жасады.

Ашық аспандағы турбуленттілік

Бұл "ұшақты қатты сілкіндіріп жіберетін бұлтсыз аспандағы аяқ астынан туындайтын жойқын турбуленттілік" деп аталады. Көбінесе өте биікке көтерілгенде пайда болады. Оны ұшақтың жоғары атмосферадағы батыстан шығысқа қозғалатын жылдам ауа ағынымен әрекеттесуімен байланыстырады.

Рединг Университетінің зерттеулері көрсеткендей, климаттың өзгеруі ауа ағынын вертикал бағытта сейілте отырып, турбуленттілік ықтималдығын ұлғайтады екен.

Ұшақ циклонынан туындайтын турбуленттілік

Мұндай турбуленттілік ұшақ қанатының артында қалған ауа циклонынан пайда болады және қозғалтқыштан шығатын газ шығарындыларының салдары саналады. Оны болжау мүмкін емес, дегенмен оның алдын алуға болады.

Фото: depositphotos.com

Жылу (конвективті) турбуленттілік

Жаздың жаймашуақ күндерінде Жер бетінің біркелкі жылымауы салдарынан турбуленттілік туындауы мүмкін. Салдарынан ыстық ауа көтеріліп, суық ауа төмен түседі. Ұшқыштар көбінесе жылу белсенділігі онша көтерілмеген кезде, яғни таңертең немесе кешке ұшуға тырысады.

Фронталды турбуленттілік

Жылы және суық ауаның соқтығысуы салдарынан желдің қатты "толқыны" пайда болады. Бұл өз кезегінде ұшақтың шайқалуына әкеп соғады. Турбуленттіліктің бұл түрі ылғалды және тұрақсыз ауа болған кезде жиі туындайды. Артынша найзағайға ұласуы ықтимал.

Механикалық турбуленттілік

Ол ауаның тау немесе биік ғимараттар тәрізді жер бұдырымен үйкелісінен пайда болады. Турбуленттіліктің күші - желдің жылдамдығына, жер бұдырына, ауаның тұрақтылығына байланысты.

"Тау толқындарынан" туындайтын турбуленттілік

Бұл механикалық турбуленттіліктің бір түрі саналады. Көп жағдайда тау жоталарындағы қатты ауа толқындарынан пайда болады. "Тау толқындары" - жойқын турбуленттілікті туындатуға қауқарлы. Тіпті ұшақты зақымдауы да мүмкін екенін айта кету керек.

Фото: depositphotos.com

Найзағайдан туындайтын турбуленттілік

Ұшақтар найзағай бұлттарынан алшақ жүре алса да, найзағай кезіндегі турбуленттілік көрінетін аймақтан тыс жерге де таралып кетуі ықтимал. Сол себепті ауа райын болжайтын заманауи технологиялар мен құралдардың болуы маңызды.

Желден туындайтын турбуленттілік

Ол жел бағытының немесе/және жылдамдығының белгілі бір горизонтал немесе вертикал қашықтықта өзгеріске ұшырауынан туындайды. Атмосфераның температура инверсиясы тәрізді аймақтарында турбуленттіліктің бұл түрі лайнерді шайқап жіберуі мүмкін.

Температура инверсиясы

Тұрақты атмосфералық жағдайда Жер бетінің түнгі уақытта суып кетуі барысында жоғарыдағы жылы ауамен араласып кетпейтін қабат түзіледі. Соның салдарынан ұшақты қатты дірілдетіп жіберетін турбуленттілік пайда болады.

Қазір ауа райын болжаудың заманауи технологиялары ұшақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, турбуленттіліктің әр түрінің алдын алады және оларды болжауда көп көмегін тигізіп келеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная