Орал жайлы таңғажайып 7 дерек

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Shutterstock © Shutterstock

Батыс Қазахстан бойынша саяхат аясында "Almaty Nomad" және Tengri Travel саяхатшылар клубымен бірге сіз білмейтін Орал туралы 7 керемет деректі ұсынамыз.


Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазахстан бойынша саяхат аясында "Almaty Nomad" және Tengri Travel саяхатшылар клубымен бірге сіз білмейтін Орал туралы 7 керемет деректі ұсынамыз.

1. Оралға - 700 жыл!

Орал қаласының негізі 1613 жылы қаланды. 2013 жылы қала 400 жылдық мерейтойын атап өтті. Алайда ғалымдардың көпшілігі оның әлдеқайда ерте пайда болғандығын айтады. Орал қаласына кемінде 700 болған. Мұны қаладан 12 шақырым жерде орналасқан ежелгі Жайық елді мекеніндегі қазба жұмыстары растайды.

Ежелгі қала 2001 жылы табылды. Бірақ оның нәтижесінде Орал қаласының 13 ғасырда құрылғаны және сол уақыттағы Алтын Орданың ірі қаласы болғандығы ғылыми әлемде сенсация тудырды. Маңыздылығы бойынша ол Жайық өзенінің оңтүстігінде орналасқан Сарайшықтан кем түспеді. Содан кейін Орал Жайық қаласы деп аталды және Алтын Орданың ірі әскери-әкімшілік және сауда-қолөнер қаласы болды. Орда ыдырағаннан кейін қала Ноғай хандығының құрамына кірді.
Содан кейін құлдырауы басталды. Далада жиі шабуылдар мен тонау тұрғындардың Жайықтан кетуге мәжбүр етті. Олардың кейбіреулері алыс қалаларға кетсе, негізгі бөлігі жақын маңда қоныстанып, көшпелі халықтармен бірікті. Кейіннен Жайық қалашығы пайда болды.

2. "Орал" деп қаланы Екатерина II атаған

Суреттер ашық дереккөздерден

1775 жылы ол жеке Жайық өзенінің атауын Урал деп, ал Жайық қаласын Уральск деп өзгертуге бұйрық берді. Мұның себебі географиялық емес, оның командирлік штабын Оралда басқарған және 1773-1775 жылдардағы шаруалар көтерілісін басқарған Емельян Пугачевке деген жеккөрушілік болды.

Суреттер ашық дереккөздерден

1775 жылғы наурыздағы императрицаның жарлығында былай делінген: «Осы жағымсыз оқиғаны ұмыту барысында Жайық деп аталған өзен атауы мен қаланы Орал тауларынан ағып жатқандығына байланысты атаулары Орал деп өзгереді. Бұдан былай Жайық қаласы да Орал деп аталатын болады.

3. Емельян Пугачевтің үйі - Оралдағы ең көне ғимарат

Оралдағы Емельян Пугачевтің үйі бүкіл қаладағы ең көне болып табылады. Алайда үй оған тиесілі емес, отставкадағы казак Петр Кузнецовтың үйі болған, ол Пугачевке 17 жасар қызын әйелдікке берген. Бірақ қандай да бір себептермен үй Пугачевтікі деп аталады. Ол бірнеше бөлмелерден, сондай-ақ қоралар мен сарайлардан тұрады.

Емельян Пугачев өзін император III Петр деп санаған. Осы үйде оның бір шеге қағылмай жасалған тағы орнатылған.


Суреттер ашық дереккөздерден

Сол кезден қалған таңғажайып жәдігерлердің бірі - алтын жіптермен өрілген былғары қолғаптар. Екатерина II оны Пугачевті Мәскеуге дарға асуға алып келген атаман Бородинге табыс етіпті.

Пугачевтің тағдыры қайғылы болды, оны темір торға отырғызып, Мәскеуге алып кетті, соттады, содан кейін басын алды. Оралдағы Емельян Пугачевтің үй-мұражайы қаланың ең жақсы көрнекті орындары болып саналады.

4. Орал - еуропалық қала

Еуропа мен Азияның шекарасы қайда деген мәселе ғалымдарды бұрыннан қызықтырады. КСРО кезінде шекараны Мұғалжардан, Ембі өзінен Каспий теңізіне дейін сызған. 1950 жылдардан бастап - Жайық өзені арнасының бойымен жүргізген. Жағдай 2010 жылы өзгерді, Қазақстанға Орыс географиялық қауымдастығының экспедициясы келді. Жергілікті жерлерді зерттеу келе, ғалымдар Еуропа мен Азияның шекарасы Мұғалжармен өтіп, ары қарай Каспий маңы оңтүстігінің алқабы бойынша жүреді. Осылайша Орал толықтай Еуропаға жатады, ал Кавказ - Азияға. Орыс географиялық қауымдастығының бұл ойы әзірге Халықаралық географиялық ұйымның бағасын алған жоқ. Қалай болғанда да, шекараны қалай жүргізгеніне қарамастан Орал әрдайым еуропалық қала болды. Оның сәулеті ерекшеленіп тұр. 

Бүгінде Орал - салыстырмалы түрде кішігірім қалашық. Бұрындары ол қазақ даласындағы ең үлкен қалалардың бірі болған, Орынбор губерниясының сауда орталығы болған. Гидтердің айтуынша, Орал - Қазақстанда тұңғыш темір жол пайда болған және пойыз (Рязань - Орал темір жолы, 1894 жыл) жүрген. Мұнда бірінші дәріханалар, ауруханалар, мектептер, кітапханалар және типографиялар ашылған. Қалаға қандай қонақтар келді десеңізші. Ресейдің екі императоры - Александр II және Николай II, сондай-ақ тарихи ұлы тұлғалар: Е. Пугачев, Суворов, ғалымдар А.Гумбольдт пен П.С.Паллас, жазушылар Крылов, Державин, Толстой, Пушкин, Даль... Тізімді ұзын-сонар етіп жалғастыра беруге де болады. Оның әрқайсысы Оралда өзінің өшпес ізін қалдырды. 

5. Орал және Пушкиннің "Капитан қызы"

Орал - орыстың ұлы ақыны Александр Сергеевич Пушкин болған жалғыз қазақстандық қала. Ол мұнда небары үш күн болған. Бұл 1833 жылы күзде болды. Бірақ бұл қандай үш күн болды десеңізші! Ол туралы біз кейінірек "Капитан қызы" және "Пугачев көтерілісінің тарихы" шығармаларынан оқимыз. Пушкин Пугачев көтерілісі туралы деректерді егжей-тегжейлі жинап, жергілікті тұрғындармен сөйлесіп, бүлікшінің образын шығарған. 

Марина Цветаева Пугачевтің тарихта әшкереленуін Пушкин поэзия арқылы тіріліткен деп жазды. Пушкин тарихи шығарма арқылы сол оқиғаны тұғырға қайта көтерді. Ол шынымен де солай болған еді. Жайық тұрғындарымен әңгімелесу арқылы Пушкин Пугачевті басқа қырынан таныды. Ол Мәскеу мұрағаттарында жазылған тұлға емес, адамдар есінде қалған Пугачевті білді. Сол маңда тұратын казак қызы Пугачев тіккен аяқ киімді киіп жүргенін, ал екіншісі былай деді: "Ол сен үшін баукеспе, ал біз үшін патша Петр Федорович". Пушкиннің казак Пьяновтың 95 жастағы ұлымен сөйлесуі қызықты болды. Пугачев 1772 жылы қарашада Жайық қалашығына келгенде соның пәтерін жалға алған. Ол өзін Петр III патша деп таныстырған. Пугачевтің казактармен қарым-қатынастары туралы "Капитан қызы" романында сөзбе-сөз Пушкин Пьяновтан естігенін жазады. "Менің көшем тар, - деп мойындайды Пугачев Гриневқа - еркім аз. Жігіттерім ақылгөйсіп барады. Олар ұрылар. "Барынша сақ болуым керек...". "Пугачев өз әскерінің алдында кетіп бара жатты. "Абай болыңыз, тақсыр, - деді қарт казак, - зеңбіректен атып сұлатады". - "Қария адамсың ғой, - жалған есімге ие болушы адам. - Патшаға қарсы зеңбірек қолдана ма?" "Сарбаздар оны өз қолынан тамақтандыратын және жанындағы торда отырған балаларға былай дейтін: Естеріңде болсын балалар, сендер Пугачевті көрдіңдер. Егде жастағы адамдар оның жанынан өтіп бара жатқан мырзалардың сұрағына батыл жауап беретіндерін айтады. Жол бойы ол көңілді әрі сабырлы болды". Міне, осылайша Орал қаласы "Капитан қызы" романына кірді. 

Ұлы ақынға Орал қаласы ұнаған. Әйеліне жазған хатында былай делінген: "Соңғы хатымды сен Орынбордан алуың керек болған. Ол жақтан мен Оралға бардым - ондағы атаман мен казактар мені жақсы қарсы алды, екі рет түскі ас беріп, менің денсаулығым үшін ішті. Үзілісте маған қажет мағлұматтарды беріп отырды, сосын көзімше жасалған уылдырықтан ауыз тигізді. 

Пушкиннің Оралға келуіне байланысты естелік ретінде музей ашылған. Небары бір бөлме. Ол үш күн бойы осы бөлмеде өмір сүрген. 

Кейінірек, кездейсоқ жағдайда, сегіз жыл бойы осы үйде Наталья Николаевна Пушкина-Ланскаяның қызы - Софья Ланская тұрған. Ол Оралдағы казак әскерінің атаманы Николай Шиповқа тұрмысқа шыққан. Осындай қызықты деректер бар. 

Бұл үйдегі қабырға сағаттың істен шыққанына біраз уақыт болған. Ол ақын қайтыс болған күні тоқтаған. 

Негізінде Пушкиннің Оралға келгені туралы растайтын ресми құжаттар жоқ. Ақынның осында болғанын біз тек оның шығармалары мен естеліктерінен білдік. 

6. Қаланы өртеп жіберуге қауқарлы Орал өрттері

Орал тарихында қайғылы кезеңдерде бар. 29 сәуірде мысалы. Осы күні 1879 жылы түскі уақытта қаладағы шіркеулердің барлығында (шамамен 15 шақты) қоңырау шылдыры естілген, олар қаладағы алапат өрт туралы хабарлаған. Бірнеше сағаттың ішінде қала толықтай дерлік өртеніп кетті. Негізінде өрт Оралдың шеткі аумағындағы Новоселкада басталған. Бұл өте кедей аудан болатын, мұнда үйлер ағаштан соғылған және бір-біріне жақын орналасқан. Бір ауданның әр-сәтте өрт жалмағаны да таңғаларлық емес - бір сәтте 2 мың үй күлге айналған. Қатты соққан жел де өртті күшейткен. Новоселкадан тараған өрт базар аумағына көшті. Сөйтіп, қаланың басқа бір аумағында кварталдық бақылаушы Куриннің үйінде шыққан өртпен қосылып, үдете түскен. Өрт Шаған өзеніне дейін жетті. Өрт туралы ресми құжаттар сақталмаған, алайда қаладағы ғимараттардың 2/3 бөлігі қирап қалған. Қала бос қалды. 

Бұл Оралдағы жалғыз алапат өрт емес. Қала үш рет өртенді. Барлығында да шығындар өте ауыр болды. Қала өрт апатынан кейін 100 жыл бойы айықты. 

7. Орал және алтын әйел

Соңғы жылдардағы ең маңызды олжа - Қазақстанда алғаш рет 2012 жылы Орал маңындағы "алтын әйел" табылды.

Әйел сақ-тиграхауд тайпасының өкіліне жатады. Ол үшкірқалпақты бас киім киген. Оның жасы - 17-20-да. Оның атақты үйден шыққанын 80 алтын әшекейлер, жанында көмілген екі күзетші және сарматтар мен парсылар арасындағы баталды сахна бейнеленген бірегей тарақ растайды .

"Алтын әйелдің" жанынан археологтар ат жүгенін, тұрмыстық заттарды, әшекейлер мен киім-кешек тапты. Ол оған о дүниелік өмірде қажет болған. "Алтын әйелдің" қорғаны тоналмаған және сол қалпында сақталған.  Таяуда "алтын әйелге" кесене тұрғызады. Бірақ оны қорған орнында емес, туристерге ыңғайлы болу үшін жолға жақын маңда тұрғызады. 

Орал қаласы туралы ерекше 7 деректі сіз білмеуіңіз мүмкін. Қазақстанның ең әдемі қалаларының бірі болғаны үшінде осында келуге болады. 

Мәтін авторы: Мадина Ашилова

Суреттер: Әлібек Бегалинов

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная