Қауіпсіздік саласының маманы Торин Клосовски қонақүйлерде және демалыс үйлерінде жасырын камераны жылдам табудың әдісін айтты. Бұл туралы ол National Public Radio радиостанциясының эфирінде мәлімдеді.
Клосовскидің айтуынша, жасырын камераны шамның (фонарь) көмегімен жылдам анықтауға болады. Ол үшін жатын бөлмеде не жуынатын бөлмеде күмәнді заттарға қаратып шам жағу керек екен.
"Сіз жарықты сөндірген уақытта ИК-сигнал (қызыл нүктеге ұқсас жарық) байқасаңыз - сіз аңдып отыр деген сөз. Осы әдіспен сіз түнгі уақытта түсіретін камераны көре аласыз", - деді маман.
Сұхбаттасушының айтуынша, бұл әдістер жиі қателесетін мобильді қосымшалардан әлдеқайда тиімді екен, өйткені қосымшалар шыны немесе басқа заттарды камера ретінде қабылдайды. Сонымен қатар, Клосовски Wi-Fi құрылғысы бақылау құралымен жалғанған болуы мүмкін екенін де айта кетті.
"Сіз күмәнмен қараған кез келген желіге жалғанған сымдарды суырып тастауыңызға болады, ол оятқыш немесе USB-жалғағышы болуы мүмкін", - дейді маман.