Қоғамдық орындарда тегін смартфон қуаттау орындары қауіпті - ФТБ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/StockSnap © pixabay.com/StockSnap

Федералды тергеу бюросының денверлік бөлімшесінің өкілдері туристер мен жиһанкездерге әуежайларда, қонақүйлерде және сауда орталықтарында тегін смартфон қуаттау орындары сіздің қауіпсіздігіңізге залал келтіруі мүмкін екенін мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, көпшілік мұны біле бермейді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Тourprom басылымына сілтеме жасап.

Иконка комментария блок соц сети

Арнайы қызмет мамандарының мәліметінше, қаскөйлер қоғамдық орындарда USB-порттары арқылы зиянкесті бағдарламаларды енгізу арқылы сіздің смартфондағы мәліметтерге мониторинг жүргізе алады екен.

"Өз қуаттағышыңызды қолданыңыз немесе порттың орнына электр сымдарын пайдаланыңыз", - деп кеңес береді олар.

ФТБ өкілдері алаяқтықтың бұл түріне juice jacking деген атау берген.

"Қаскөйлер қуаттағышқа немесе кабельге зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету орнатып, сіздің телефоныңызға вирус кіргізеді. Сіз оны білмейсіз. Олар болса сіздің барлық парольдеріңізді қолды қылып, қаражат жымқыруы мүмкін", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная