Қазақстандық Мексикадан Канадаға дейін жаяу жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласынан келген Әйгерім Әлімова АҚШ-тың Мексикамен шекарасынан Канада шекарасына дейін ұзындығы 4270 шақырым болатын Тынық мұхит жотасының (Pacific Crest Trail - PCT) бағдарын толығымен жүріп өтті. Әйгерім жолдағы қиындықтарды, жабайы жануарлармен кездесуі және алдағы жоспары туралы Kaz.tengritravel.kz тілшісіне айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласынан келген Әйгерім Әлімова АҚШ-тың Мексикамен шекарасынан Канада шекарасына дейін ұзындығы 4270 шақырым болатын Тынық мұхит жотасының (Pacific Crest Trail - PCT) бағдарын толығымен жүріп өтті. Әйгерім жолдағы қиындықтарды, жабайы жануарлармен кездесуі және алдағы жоспары туралы Kaz.tengritravel.kz тілшісіне айтып берді.

Ол 4,5 айда шөл даламен, биік таулар мен ормандар арқылы мыңдаған шақырым жол жүрді. Бойжеткен бұл бағытты еңсерген алғашқы қазақстандық болуы мүмкін.

"Мен Тынық мұхиты жолы туралы алғаш рет америкалық жазушы Шерил Стрэйдтің өмірбаяны негізінде түсірілген "Жабайы. Өзіңізді табудың тәсілі ретінде қауіпті саяхат" фильмінен білдім. Маған фильм өте ерекше әсер етті. Біздің басты кейіпкермен жолымыз ұқсас болғандықтан шығар. Колледжде оқып жүргенде анамнан  айырылдым. Бізді ересек өмірге ешкім дайындамайды. Ата-аналарымыз аман болғанда, біз бейқамбыз.

Кейін заңгер менің мамандығым емес екенін түсіндім. Не істеу керек? Мен әлі жұмыс істегім келмейді, неге өзім армандаған әлем бойынша саяхатқа бармасқа деген ой келді. Сол кездің өзінде мен велосипедпен досыммен бірге Еуропада шағын саяхат жасадым. Біз бір адамға шамамен 1100-1200 еуро (шамамен 600 мың теңге) жұмсап, 20 күн ішінде Испания, Франция, Италияға жол тарттық.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aigerim Alimova?? (@_aigerim_alimova_)

Үйге келіп, жұмыстан кететінімді және велосипедпен жүргім келетінін айттым. Жақындарым алдымен: "неге, бұл қауіпті ғой, істеп жүрген жақсы жұмысың бар" деп ойымды өзгертуге тырысты, бірақ кейін мені қолдады.

Жұмыстан шыққан кезде досым АҚШ-қа грин-картаға өтініш беруді ұсынды. Басында мен бұл идеяны байыпты қабылдамадым, дегенмен бұл менің өмірімді 180 градусқа өзгертетінін білмей өтініш бердім.

Сөйтіп, АҚШ-қа жеттім және қиын саяхатқа шықтым. Ұзақ дайындалдым. (...) Жолда бәрі жүру қарқынына байланысты. Бұл жеке трип, адамдар бір-бірден шығады, өйткені топтастыру қиын, әркімнің жүру жылдамдығы әртүрлі. Кейбір хакер топтарға қосылады. Дегенмен менің қарқыным жылдам, сондықтан мен үшін жалғыз жүру ыңғайлы әрі арзан болды.

Бірақ қарлы беткейлер немесе терең шұңқырлар бар қауіпті жерлерде мен жігіттермен біріктім. Олар маған көмектесе алады немесе кенеттен бірдеңе болса, көмек шақыра алады. Бұл сапарға шыққанның бәрі межеге жете бермейді. Негізінен, тек 30-40 пайызы соңына дейін өтеді", - деді Әйгерім.

Қазақстандық жолда улы жыландарды, аю мен басқа да аңдарды көрген. Одан бөлек, адасып кеткен кездері болған.

"Улы жыланды көрген кезде қозғалмай тұрдым. Ал қонжықты көргенде мен одан емес, ол менен қорыққандай қашып кетті.

Ал қазір мен қайта басқа мамандықты меңгергім келеді, QA Manual украиналық бағдарламалау мектебінде оқимын. Бұл қашықтан жұмыс табуға көмектеседі, саяхаттау үшін қажетті соманы жинап, жаңа күшпен жаңа жетістіктер үшін алға жылжығым келеді", - деді Әйгерім.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная