Технологияның дамуы және жұмысқа деген көзқарастың өзгеруіне байланысты қашықтан жұмысқа орналасу уақыт өткен сайын танымал болып келеді. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі қашықтан жұмыс істейтіндер үшін қай елдерде қолайлы жағдай жасалғаны жайлы егжей-тегжейлі баяндайды.
Эстония
Бұл кішкентай Балтық елі өзінің цифрлық инновацияларымен және интернетке прогрессивті көзқарасымен танымал. Цифрлық көшпенді немесе фрилансер визасы елде тұруға және қашықтағы клиенттермен бір жыл жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Эстония азаматтар мен тұрғындарға электрондық қызметтерді, сондай-ақ электронды резиденция бағдарламасын ұсынады, бұл оны қашықтан жұмыс істеуде тамаша орынға айналдырғаны анық.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Португалия
Португалия алыстағы жұмысшыларды жағымды климатымен, қолжетімді тұрғын үй бағасымен және тамаша өмір сапасымен тартпай қоймайды. Лиссабон мен Порто қашықтан жұмыс істейтін азаматтардың танымал бағыттарына айналғалы қашан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
БАӘ
2020 жылы Дубай фрилансерлерге бір жылдық виза алуға мүмкіндік беретін жаңа визалық бағдарлама енгізді. Бұл бағдарлама өзін-өзі жұмыспен қамтыған мамандарға отбасымен бірге көшуге, банкте есепшот ашуға, тіпті балаларын жергілікті мектептерге жазуға мүмкіндік береді. Мұндай визаны алу үшін жылдық табысы 5 000 долларды құрайтын кем дегенде бір жыл мерзімге келісімшарт пен басқа да қажетті құжаттарды ұсыну қажет.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңа Зеландия
Бұл елде таңғажайып табиғат көріністері мен қатар өмір сүру деңгейі де жоғары. "Digital Nomad Visa" бағдарламасы Жаңа Зеландияны қашықтағы жұмысшыларға қолжетімді етеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Грузия
Грузия әдемі тау көрінісін, Қара теңіз бен қолжетімді бағаларын ұсынады. Тбилиси еркін жұмысшылар үшін барған сайын танымал орынға айналуда. 2020 жылдың жазында Грузия фрилансерлер, кәсіпкерлер мен қашықтағы жұмысшыларға елде бір жыл тұруға мүмкіндік беретін арнайы цифрлық көшпенді визасын ұсынды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бали, Индонезия
Бали - қашықтан жұмыс істегенде шабыт пен жан тыныштығын таба алатын орын. Жергілікті мәдениет пен табиғат Балиді сандық көшпенділер үшін тамаша таңдау етеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Черногория
Бұл кішкентай Балқан елі қолжетімді баспанасымен және қашықтағы жұмысшыларды тартатын Адриатика теңізінің көркем көріністерін ұсынады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бермудские острова
Бермуд аралдары 12 ай бойы қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін "Digital Nomad Visa "енгізді. Виза алу үшін сіз 263 доллар мөлшерінде бір реттік виза алымын төлеуіңіз керек, сонымен қатар орналасқан жерінен тәуелсіз бизнеске иелік етуіңіз немесе аралдан тыс компанияда қашықтан жұмыс істеуіңіз қажет.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Германия
Германия "Aufenthaltserlaubnis für selbständige Tätigkeit" деп аталатын фрилансерлерге арнайы виза береді. Тұруға рұқсаттың бұл түрі шетелдік фрилансерлерге елде үш айдан алты жылға дейін тұруға мүмкіндік береді. Бұл визаны алу әдетте үш-төрт айға созылады, ал неміс тілін білсеңіз бұл айтарлықтай жеңіл болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Цифрлық көшпенділер санының өсуімен қашықтан жұмыс істеу мүмкіндіктері қолжетімді және әртүрлі болып келеді. Таңдауыңызға қарамастан, сіз жұмыс істейтін жерге қойылатын нақты талаптарды дайындап, зерттеуді ұмытпаңыз. Қашықтан жұмыс істейтін орынды таңдау сіздің өмір салтыңызға және кәсіби әл-ауқатыңызға әсер ететін маңызды шешім болып табылады.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.