"Жеттіңіз, әка! Жақсы демалыс болсын!" Отбасылық тревел-блогерлер Өзбекстанға сапарлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ернар Алмабек © Ернар Алмабек

Адамзат тарихынан аз да болса хабары бар саяхатшыны Өзбекстан туризмі несімен тартымды және басқа да жүздеген туристік бағыттардан несімен ерекшеленеді деген сұрақтар мазаламауы тиіс. Өйткені оның жауабы айдан анық. Сонысымен тартымды, яғни екі жарым мың жыл бұрын Ескендір Зұлқарнайынды тәнті еткен аймақ, ежелгі гректер оған Трансоксиана деген атау берген. Сонысымен тартымды, арабтар бұл ғажайып аймақты Мәуреннахр атаған - ортаазиялық екі ұлы өзен Әмудария мен Сырдариясы, шебер қолөнершілер тұратын күшті оазис-қалалары мен мәуелі бау-бақшасы, жайқалған егіні бар алтын аймақ. Kaz.tengritravel.kz порталы таяуда Өзбекстанның туристік қалаларында болған отбасылық жұптың көрген қызықтарымен бөліседі. 


Иконка комментария блок соц сети

Адамзат тарихынан аз да болса хабары бар саяхатшыны Өзбекстан туризмі несімен тартымды және басқа да жүздеген туристік бағыттардан несімен ерекшеленеді деген сұрақтар мазаламауы тиіс. Өйткені оның жауабы айдан анық. Сонысымен тартымды, яғни екі жарым мың жыл бұрын Ескендір Зұлқарнайынды тәнті еткен аймақ, ежелгі гректер оған Трансоксиана деген атау берген. Сонысымен тартымды, арабтар бұл ғажайып аймақты Мәуреннахр атаған - ортаазиялық екі ұлы өзен Әмудария мен Сырдариясы, шебер қолөнершілер тұратын күшті оазис-қалалары мен мәуелі бау-бақшасы, жайқалған егіні бар алтын аймақ. Kaz.tengritravel.kz порталы таяуда Өзбекстанның туристік қалаларында болған отбасылық жұптың көрген қызықтарымен бөліседі. 

Фотожурналист, режиссер Ернар Алмабек пен оның жары журналист Жазира Байдалы өздері айтқандай "көк жорғамен" Алматы - Ташкент - Бұхара - Хиуа - Самарқан - Алматы сапары барысында 8 күнде Өзбекстанның 4 қаласында болып, көлікпен 3800 шақырым жол жүріп, мыңнан аса фото-видео түсіріп, 500 доллар қаражат жұмсап, 2 келі салмақ қосқан (өздері осылай әзілдейді).

Отбасылық тревел-блогерлер өз саяхатын Өзбекстан астанасы Ташкенттен бастаған. 

"Сапарымыздың бірінші нүктесі. Толық танысып үлгермедік. Бірақ біз күтпеген эмоцияларды сыйлаған шаһар ретінде есте қалады. Бір күнде түрлі ситуацияға тап болдық. Қарбаласқа қалай кіріп кеткенімізді байқамай қалдық. Ташкент мұңайтты, қуантты, ашуландырып, балаша мәз қылды", - дейді Ернар Алмабек. 

Әрине, Өзбекстандағы туризм дәстүрлі түрде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасына енген Самарқанд, Бұхара және Хиуа қалаларымен тығыз байланысты. Олардың тарихы бірнеше ғасырды қамтып, ежелгі қорған қабырғалары Ескендір Зұлқарнайынның жаяу әскер сапын, Шыңғыс ханның ордасы мен Әмір Темір сарбаздарының жауынгерлік құрамын еске түсіреді.

Олар сапардың 1400 шақырымын жүріп өткенде Бұхара қаласына жеткен.

"Ташкенттен Бұхараға апаратын 568 шақырымды 8 сағаттай жүрдік. Жолда Жизахтың самсасын жедік, Самарқанды сырт айналып, бензин құятын бекет іздедік. Бұхараға келгенде адасып кеттік. Хостеліміз көне шаһарда еді. Жақсы адамдар жол сілтеп, тауып берді", - дейді фотожурналист. 

Ернар 2018 жылы осында келіп, Бұхараны тағы көргісі келетін қалалар тізіміне енгізгенін жазады.

"Міне, араға үш жыл салып қайта келіп тұрмын. Қателеспеппін. Бұхараның атмосферасы бұл жолы да майдай жақты. Миым тынышталып, жаным рахаттанды. Тарихымен танысып білімімді де арттырдым. Маған, әсіресе, шаһардың мейманға құшағы ашық халқы ұнады. Тар көшелерінің бірімен келе жатып кезіккен қарт әже "Балалар, қазақсыңдар ма?" деп жанымызға келіп батасын бергенде жүрегіміз жылып, ерекше риза болдық", - дейді ол. 

Тағы 500 шақырым жол жүріп блогерлер отбасы Хиуаға жетеді. 

"Үйден санағанда сапарымыздың ең алыс нүктесі. Көк Жорға бұған дейін мұндай қашыққа шауып көрмеген еді. Міне, тура Ичан-қала қабырғасының түбінде "байлаулы" тұр.

Хорезм жеріндегі көне қалаға жету оңай болған жоқ. Қазір автобан салынып жатқандықтан, 80 шақырымдай жол жоқ жерменн, одан кейін 30 шақырым өте нашар жолмен жүруге тура келді. Қайта бетонның көп бөлігі төселіп болыпты. Жылдамдықты өсіріп, нашар жолда кеткен уақытты сол жерде қайтардық.

Хиуаның өзі кішкентай шаһар. Мұнда 100 мыңдай адам тұрады. Туристер көбіне орталықтағы Ичан-қаланы көруге келеді. Бұл - 2500 жылдық тарихы бар қамал. Айналасы биік қабырғалармен қоршалған. Ішінде әлі де адамдар тұрып жатыр. Сол себепті кешке Ичан-қалада кәдімгі ауылдағыдай атмосфера орнайды. Дарбазаның жанында таяғын сүйеніп отырған қариялар, доп теуіп шулаған балалар.

"Бұл шаһарда басымыздан бірнеше қызық оқиға өтті. Соның бірін баяндап берейін. Хиуадан қайтамыз деп жолға дайындалып жатқанда ноутбугымыз бұзылып, шұғыл жөндету керек болды. Көмекті өзіміз қоныстанған хостел иесінен сұрадық. Біз қатарлы жігіт. Ол хостелдегі жұмысын әйеліне, хостел маңындағы дүкенін шешесіне тапсырды да жөндеу орталығына ертіп барды. Мастер бір заты күйіп кеткен, соны сатып алу керек деді. Дүкен 25 шақырым жердегі көрші қала Үргеніште екен. Сонда хостел иесі еш ойланбастан көлігіне мініп, көрші қалаға барып, әлгі қажет затты әкеп берді. Заттың ақшасын төледік. Ал енді осы 5-6 сағатта жанымызда жүріп, көмектескеніне қанша ақы алатынын сұрасақ, мұның бәрін шын көңілден істегенін айтты. Ноутбугымызды алып, жақсы көңіл-күймен Самарқанға аттандық", - деп жалғастырады тревел-блогер. 

2541 шақырым. Самарқан.

Өзбекстанға сапар барысында жергілікті тұрғындардың көмегі жайлы да жылы лебіздерін білдірді. 

"Хиуадан кеш шыққандықтан Самарқанға түнгі екіден кете жеттік. Өзбекстанға келгелі дәл бұлай шаршамаған шығармыз. Жолда бірнеше рет ұйқы қысып тоқтауға мәжбүр болдық. Шаһарға кіре сала бірінші кезіккен адамға хостеліміздің адресін көрсеттік. Ол анық ештеңе айта алмады. Сол сәт жанымыздан өтіп бара жатқан такси турист екенімізді байқаса керек, тоқтап мән-жайды білді де жолды өзі көрсететінін айтты. Хостеліміз тура Регистанның жанында екен. Қуыс көшелерді айналып жүріп жеттік. Сонша жерден жетектеп әкелгендей болған ақ шевроленің жүргізушісі терезесінен қолын шығарып, "Жеттіңіз, әка! Жақсы демалыс болсын!" деді де кете барды. Ақы алмайтынын түсіндік. Артынан айғайлап рақметімізді айттық та хостелге кірдік.

Самарқан - тарихы бай үлкен қала. Бастысы, сол тарихын көрсететін жәдігерлер сақталған. Зәулім медресе, мешіт, кесенелері көздің жауын алады. Әмір Темірдің жорықтары, Жалаңтөс баһадүр салғызған ғимараттар, Ұлықбектің өмірі мен еңбектері адамды таңдандырмай қоймайды", - дейді Ернар. 

Айтар дүние көп. Әзірге суреттерді тамашалаңыздар...

 Сурет © Ернар Алмабек

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная