Еуропаға балалармен саяхаттау - ерекше тәжірибе болары анық, бұл "бәрі қарастырылған" теңіз жағасындағы қонақүйде демалу емес, әрине. Мұнда көп қыдырып, әр минут сайын жаңа нәрсе үйреніп, мұражайларға барып, әр түрлі жерлерді зерттеуге болады. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі балалармен Еуропаға қалай тиімді жоспарлауға болатыны жайлы егжей-тегжейлі баяндайды.
Балалармен Еуропаға аяқ асты саяхаттауға шығу деген шындыққа жанаспайтын нәрсе, алдымен қаланы, қонақүйді таңдап, бағытыңызды, баратын жерлерді ойластырып, бәрін соңғы тиынына дейін есептеу керек. Біз алты жастан асқан балалармен Еуропаға саяхаттау үшін ең пайдалы кеңестер мен лайфхактарды жинадық. Олардың кейбіреулері сізге сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ өзіңіз үшін бірнеше пайдалы мүмкіндіктерді таба аласыз деп үміттенеміз.
Қазіргі уақытта Қазақстан Еуропаның келесі елдерімен - Ұлыбритания, Германия, Греция, Италия, Нидерланды және Польшамен тікелей әуе қатынасын қалпына келтірді.
Визаны алдын ала ойластырыңыз
Визаны алуды алдын ала жоспарлау керек, бұл тек Еуропа елдеріне ғана емес, жалпы барлық визалық елдерге қатысты. Әсіресе, сапар маусымның қызған кезіне түскенде. Визаға өтінішті қараудың стандартты уақыты 15 күнтізбелік күннен басталады. Көптеген елшіліктер, консулдықтар немесе виза орталықтары визаға өтініш беру үшін кездесуді талап етеді, ал туристік маусымда келесі кездесу бір айдан кейін болуы мүмкін. VIATOR визалық өтініш беру орталығының директоры Наталья Ткаченко визаны мүмкіндігінше ертерек, сапарға дейін шамамен үш ай бұрын ойластыруға кеңес береді.
"Кәмелетке толмаған саяхатшылар үшін сіз қосымша құжаттар көрсетуіңіз керек. Мысалы, бала ата-анасының бірімен саяхаттаса, оны алып жүру үшін баланың екінші ата-анасынан нотариалды куәландырылған рұқсат алынуы қажет. Немесе сапар мектеп уақытында жоспарланса, сапар кезінде баланы оқудан босату үшін мектеп мекемелерінен анықтама алу керек», - дейді ол.
Баратын жерлерді алдын ала таңдаңыз
Еуропа таңғажайып көрікті жерлерге, ойын-сауық саябақтарына, құлыптарға, ескерткіштерге және табиғи сұлулыққа бай. Балаларды Еуропаға сапарыңызды жоспарлауға шақырыңыз. Барлық орындарды алдын ала зерттеңіз, содан кейін балалармен бірге барғыңыз келетін көрікті жерлерді таңдаңыз, содан кейін олардан тізімнен 3-4-уін таңдауды сұраңыз. Осылайша, балалар қайда бара жатқанын біледі және оларға ұнайтынына сенімді боласыз.
© pixabay
Туристерге арналған қала карталары
Мұражайларға билет болсын немесе қаланы аралау болсын, бағалар мен ережелерді оқып зерттесеңіз, әрқашан ақша үнемдей аласыз. Мысалы, 24, 48, 72, 96 және 120 сағатқа 95 доллардан 180 долларға дейін сатып алуға болатын I Amsterdam картасы 60 мұражайға, соның ішінде Рейкс пен Ван Гог мұражайларына тегін кіруді, канал бойынша тегін саяхатты және тегін қоғамдық көлікке отыруды ұсынады. Сондай-ақ, Eurail (Еуропа арасындағы халықаралық пойызбен саяхаттау үшін) және London Pass бар, ол сізге бір күннен қайталанатын 123 доллардан 10 күнге дейін жол жүру ақысы 429 доллар кіретін билетпен қаланың 80 әйгілі көрікті жерлеріне кіруге мүмкіндік береді.
Алайда, сіз тек Рейкс мұражайына барғыңыз келсе, мұндай карта тиімсіз болады. Сондықтан, сатып алмас бұрын, билеттерді шынымен барғыңыз келетін жерлерге ғана алғаныңыз жөн.
Еуропадағы жаяу серуендеу және қайық турлары
Сіз карта, кітаптар және қосымшалардың көмегімен бәрін өзіңіз жасай аласыз, бірақ қайыққа немесе жаяу турға қосылғаныңыз дұрыс. Көптеген еуропалық қалаларда жергілікті гидпен тегін жаяу қалалық турлар бар. Гид сізге түскі ас мәзірі бар жергілікті мейрамханаларды көрсетеді және қалада не істеу керектігі туралы кеңес береді.
© pixabay
Мұражайға тегін кіру
Еуропаның ең танымал мұражайларына кіру туралы ақпаратты тексеріңіз, өйткені олардың көпшілігі белгілі бір күндерде тегін немесе жеңілдетілген баға ұсынады. Мысалы, Мадридтегі Прадо мұражайы дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін және жексенбі күндері сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін тегін кіруді ұсынады. Лувр әр айдың бірінші сенбісінде сағат 18:00-ден 21:45-ке дейін мұражайға тегін кіруді және жұма күні кешкі сағат 18:00-ден жабылғанға дейін 26 жасқа дейінгілерге тегін кіруді ұсынады. Бір билеттің бағасы 17 еуро болса, бұл - үлкен үнемдеу.
Баратын жер мен ол жерге қалай жетуді алдын ала жоспарлаңыз
Көшелерді аралап, балалармен жаяу қаланы аралау, әрине, қызық. Бірақ сізде жоспар болған кезде, билеттер алынып қойғанда, ауа-райы күрт бұзылса, бұл барлық адам үшін стресс болуы мүмкін. Сондықтан бағытыңызды алдын ала жоспарлап, көлікке тапсырыс беріп қою - тамаша мерекенің кепілі. Айтпақшы, Еуропадағы қоғамдық көлік сенімді және ыңғайлы. Ал пойызбен немесе трамваймен саяхаттау балалар үшін өте қолайлы, өйткені сіз кез келген жерге кептеліссіз және шығынсыз жете аласыз. Көлік карталарын пайдалану ережелерін зерттеп, қайсысы сізге тиімді екенін анықтап алыңыз.
Сіз Еуропаның бірнеше еліне баратын болсаңыз, Eurail Pass билетін пайдалана аласыз. Ол сізге Еуропалық Одақтың (ЕО) 33 еліне және Түркия мен Сербия сияқты ЕО-ға кірмейтін бірнеше елдерге шексіз саяхаттауға мүмкіндік береді. Турист белгілі бір уақыт ішінде елден елге пойызбен шексіз жүре алады. Толық ақпарат осында. Балалар, айтпақшы, тегін саяхаттайды. Жақын жерлерге автобустармен бара аласыз, оларды осы жерден және мына жерден іздеуге болады.
© pixabay
Адам аяғы көп жерден аулақ бір күнді жоспарлаңыз
Әрине, туристер аз жер табу қиынға соғар, бірақ шудан алыс жерлер табуға болады. Мысалы, Еуропа тамаша жаяу жүргіншілер жолдары мен пикник алаңдары, сарқырамалар мен шолу орындары бар табиғи қорықтар мен ұлттық саябақтарға толы. Біз барлық уақытты саябақтарда өткізу туралы айтып отырған жоқпыз. Бір күніңізді жайлы, тыныш жерде өткізудің мәні зор.
Балалармен пәтерде тұру қолайлы
Мұнда бірқатар артықшылықтар бар: бағасы, ас үй мен кір жуғыш машинаның болуы, үйдегі атмосфера. Еуропадағы қонақүйлер, қызмет көрсету және мейрамханалар өте қымбат. Airbnb арқылы пәтер таңдау сізге ас үйде тамақ дайындауға, өзіңізбен бірге түскі ас алуға, үйден таңғы ас ішіп шығуға мүмкіндік береді.
© pexels
Еуропада балалармен тамақтану
Еуропаға сапарға кететін бюджеттің көп бөлігі тамақтануға кететіні анық. Сонымен қатар, Еуропадағы мейрамханалардың көпшілігі балаларға арналған тағам мәзірін ұсынбайды, барлығына «ересектерге» арналған мәзір ұсынады. Сондықтан тамақтанудың ең тиімді жолы - пикник. Өзіңізбен бірге кондитерлік өнімдер, жеміс-жидек, жергілікті базардан көкөністер, ірімшік алыңыз. Айтпақшы, ауыл шаруашылығы базарындағы баға супермаркеттер мен мейрамханаларға қарағанда айтарлықтай төмен. Соңында пикникке шығатын керемет жерді таңдау мен демалу сізге ерекше көңіл-күй сыйлайды.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.