Туризм "мақсаттарды барынша жүзеге асыруға" бет бұруда, бірақ Түркиядағы үлкен инфляция ол үшін басты мәселе болып қала береді. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған министрлер кабинетінің отырысынан кейін осындай мәлімдеме жасады. Ол Түркияда туристік қызметтерден түсетін табыстың артуына үміт артатынын атап өтті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
"Инфляция ең маңызды проблемамыз болып қала береді. Қазір әлемдегі әрбір ел соңғы 40-50 жыл ішінде бұрын-соңды болмаған инфляция қаупімен күресуде. Түркия жаңа жылдан кейін инфляцияның тез төмендеуінің куәсі болады деп үміттенемін", - деді Ердоған.
Сондай-ақ, ол туризм биыл мақсатын жүзеге асырып, барынша алға жылжығанын мәлімдеді.
"Қазір қыркүйекте қонақүйлерде, ұшақтарда, туристік нысандарда бос орын табу мүмкін емес",- деді Түркия президенті.
Оның айтуынша, халықаралық туристік белсенділіктің өсуі COVID-19 өршуіне және Ресей-Украина қақтығысына байланысты жалғасып жатқан қауіптерге қарамастан жалғасып жатыр.
"Бұл тұрғыда сапарлардан түсетін кірістер өсу тенденциясын жалғастырады және 34 миллиард доллармен пандемияға дейінгі деңгейден асады деп күтілуде", - деп сендірді Ердоған.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!