Экипаж командирі әуеде ұшқыштар қалай тамақтанатынын көрсетті

Көптеген жолаушы ұшқыштар кабинасында не болып жатқанын білгісі келеді. Эфиопиялық әуекомпанияның Теодорос есімді экипаж командирі видео жариялап, ұшқыштардың қалай тамақтанатынын көрсетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде эфиопиялық ұшқыш Теодорос Соломонның 12 мың метр биіктікте түсірілген видеосы танымал бола бастады. Видео Ethiopian Airlines Airbus A350 ұшағының кабинасында түсірілген екен.

Видеоның астына "12 мың метр биіктіктегі түскі ас. Менің түскі асым сіздікінен әлдеқайда жақсы" деген жазба қалдырған ұшқыш өз мәзірін көрсетеді. Онда балғын көкөністен жасалған салат, көкөніс гарнирі мен күріш қосылған бір түйір балық, нан және түрлі тұздықтарды көруге болады. Ұшқыш бұл екі адамға жететін ас екенін атап өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tewodros Solomon (@captain_tewodros)

Видеоны 100 мыңнан аса адам қараған, сонымен қоса оған жүздеген пікір қалдырылған. Көптеген оқырман экипаж командиріне "ас дәмді болсын" деп тілектестігін білдіріп, ұшқыштардың әуеде қалай тамақтанатынына таңғалған. Кейбіреулер олардың денсаулығына алаңдап, "ұшқыштың іші ауырып қалса, не болатынын" сұраған.

"Басымнан өткен оқиғаны айтайын. Бір кездері рөлді тізгіндеп келе жатқанда кешкі асым аяғыма төгіліп кеткен. Тоқтағанша, шыдауыма тура келді", "Сәлем шкипер, сізге ұшу ұнады деп үміттенемін", "A350 ұшағында оқыс оқиғаға тап болдық. Ұшып бара жатып, қозғалтқыш сөніп қалды. Себебі ұшқыштардың кофесі басқару аппаратына төгілді", "Видеоны қараған әр адамның көкейінде осы сұрақ тұрған шығар: Ұшақта автопилот қосылған ба?", - деп жазды желі пайдаланушылары.

Бір қызығы, көптеген әуекомпанияның бірінші және екінші ұшқыштары әуеде екі түрлі тамақты тұтынады. Мұндай ереже борттың екі капитанының бір уақытта тамақтан уланып қалмауы үшін енгізілген көрінеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!