Tik-Tok-та Рита Мэй есімді егіздері бар ананың ролигі көпшіліктің көңілінен шығып жатыр. Ол балалардың киімін чемоданға жинаудағы лайфхактарымен бөліседі, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Небәрі бірнеше күннің ішінде пайдалы лайфхактары бар видео 260 мың рет қаралған. Ролик авторы айтып өткендей, чемодан жинаудың бұл тәсілі өте ыңғайлы. Ританың сөзінше, бұл ретте чемоданға салынатын киім-кешекті жинау үшін арнайы органайзерді іліп қоятын есік қана қажет. Екі органайзерге балалардың киімін санаулы минутта салған Рита оларды чемоданға еш қиындықсыз орналастыра алды.
@rytamay This hack makes it so easy Packing for tiny humans ? very convenient and when you get to your destination, all you have to do is hang it to any door! If you want to try this hack, get this shoe rack from my Amazon store front. Link in my bio! You’re welcome #toddlertravels #packinghacks #packingforkids ♬ Iko Iko (My Bestie) (feat. Small Jam) - Justin Wellington
Видеоны көрген желі қолданушылары өздерінің таңданыстарын жасырмады.
"Екі жағында да бекітетін жері болмағаны өкінішті, дегенмен өте ыңғайлы екен", "Бұл өте пайдалы лайфхак", "Маған бұл идея ұнайды", - деп жазды олар.
Рита мұндай органайзерді кез келген маркетплейстен алуға болатынын атап өтті.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!