Саяхаттау - бейтаныс мәдениет пен жаңа адамдармен танысудың, жаңалық ашудың және күнделікті күйбең тіршіліктен демалудың тамаша тәсілі. Солай десек те, саяхаттау деген қымбат деген түсінік бар. Қалтасына салмақ салмай, аз қаражатпен әлемді аралағысы келетіндер үшін Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі бюджетті саяхаттың алты негізгі ережесі туралы баяндайды.
Жоспарлау және есептеу
Бюджетті саяхаттаудың негізгі кілті - жоспарлау. Сапарыңыздың бюджетін алдын ала белгілеп, соны ұстануға тырысыңыз. Баратын жеріңіздегі билет бағасын, тұратын жерді және басты көрікті жерлерді алдын ала зерттеңіз.
Сапарыңыздың барысында қанша ақша жұмсай алатыныңызды білу үшін егжей-тегжейлі жоспар құрыңыз. Маусымнан тыс саяхаттардың бағалары төмен болады. Ұшу мен қонақүйлерді алдын ала брондау арқылы айтарлықтай ақша үнемдеуге болады. Көптеген әуе компаниялары мен қонақүйлер алдын ала брондау бойынша жеңілдіктер ұсынады, сондықтан бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.
Фото: pexels.com
Арзан әуе билеттерін іздеу
Арзан рейстерді сатып алу үшін іздеу жүйелері мен қолданбаларды пайдаланыңыз. Көптеген веб-сайттар ең жақсы бағаларды табуға көмектесу үшін әртүрлі әуе компаниялары мен агенттіктердің баға салыстыруын ұсынады.
Көбірек үнемдеу үшін жеңілдіктер, купондар мен акцияларға назар аударыңыз. Сондай-ақ, рейс үшін тиімді күндерді қарастырыңыз. Кейде ұшу күнін бірнеше күнге өзгерту билет құнын айтарлықтай төмендетуі мүмкін.
Фото: pexels.com
Жергілікті көлік қозғалысы
Қалалар мен елдерді аралау үшін қоғамдық көлікті пайдаланыңыз. Бұл бюджеттік шешім ғана емес, сонымен қатар сіз жергілікті өмірдің атмосферасына ене аласыз.
Көптеген елдерде қоғамдық көлік жақсы дамыған, соның ішінде автобустар, троллейбустар мен метро. Сондай-ақ, қаланы аралап шығу үшін велосипед немесе электр скутерлерін жалға алуға болады, бұл көлікті жалға алу немесе таксиге отырудан әлдеқайда арзан болады.
Фото: pexels.com
Тұратын жерді таңдау
Ақшаны үнемдеудің тағы бір жолы - бюджетті тұратын орын таңдау. Хостел, пәтер, кемпингтер мен жалға берілетін үйлерді қарастырыңыз. Сонымен қатар, Couchsurfing сияқты танымал платформалар арқылы жергілікті тұрғындармен тұруды қарастырыңыз. Бұл жергілікті тұрғын сияқты өмір сүруге және шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Фото: pexels.com
Тамақтану
Саяхаттаудың ең пайдалы тұсының бірі - жаңа тағамдарды зерттеу. Бұл мүмкіндікті мәдениетті сезіну және тағамға ақша үнемдеу үшін пайдаланыңыз. Жергілікті мейрамханалар әдетте арзан, әрі дәмді, таза тағамдарды ұсынады. Танымал емес жерлерді зерттеп, туристік аймақтардағы қымбат мейрамханалардан аулақ болуға тырысыңыз.
Фото: pexels.com
Экскурсия мен ойын-сауық
Экскурсияны алдын ала жоспарлаңыз және жеңілдіктер немесе тегін ойын-сауық түрін іздеңіз. Көптеген қалалар аптаның белгілі бір күндерінде тегін турлар немесе мұражай экскурсияларын ұсынады. Сіз көптеген қызықты жерлерге артық шығынсыз бара аласыз.
Фото: pexels.com
Сондай-ақ, тегін, әрі ерекше тәжірибе ұсына алатын жергілікті іс-шаралар, фестивальдер немесе сауда көрмелері туралы біліңіз. Сіз баратын елдің мәдениеті мен тарихы туралы қызықты ақпаратты айта алатын экскурсияларды қарастыруды ұмытпаңыз.
Фото: pexels.com
Бюджетті саяхаттау сіздің демалысыңыздың сапасына кедергі келтірмейді. Ұтымды жоспарлау мен ақылды шешімдер арқылы сіз артық шығынсыз сапардан ләззат ала аласыз. Саяхат кезінде туындауы мүмкін кейбір тосынсыйларға дайын болуды ұмытпаңыз.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.