Бортсерік ұшақта тағамды бірінші алудың жолын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Бортсеріктер ұшақпен тек қызмет бабы бойынша ғана емес, жолашуылар болып та сапарлайды. Міне солардың бірі сапарын барынша жайлы етудің жолын, соның ішінде асты бірінші болып алудың амалын айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Бортсеріктер ұшақпен тек қызмет бабы бойынша ғана емес, жолашуылар болып та сапарлайды. Міне солардың бірі сапарын барынша жайлы етудің жолын, соның ішінде асты бірінші болып алудың амалын айтты.

Ұшақтың ең артына отырып қалсаңыз, асты сізге әкелгенше күтесіз, оның үстіне қалаған тағамыңыз қалмай да қалуы мүмкін. Алайда артта отырсаңыз да асты бірінші сізге әкелетіндей етудің жолы бар болып шықты. The Sun мәліметінше, Emirates әуе жолдарында борт серік болып алты жылдан аса қызмет еткен Кэролайн Кнайц жолаушы түрінде сапарлауына ыңғайлы болу үшін бірнеше әдісті меңгеріп алған екен.

Біріншісі - ұшақта асты бірінші болып алу. Бортсеріктің сөзінше, арнайы тағамға тапсырыс бергендерге қызмет бірінші кезекте көрсетіледі. "Ұшақта тамақтануды ұнатып, асты бірінші сізге алып келуін қаласаңыз, бар болғаны арнайы тапсырыс жасайсыз. Мәселен, вегандық немесе тағы басқа. Алдын ала тапсырыс берілген арнайы тағамдар бірінші кезекте келеді. Түнгі рейспен ұшсаңыз, ертерек тамақтанып алған жөн", - дейді ол.

Сонымен бірге, Кнайц ұшақтағы ыңғайсыз орында тезірек ұйықтап қалу үшін жастықты қалай пайдалану керегін де айтты. Ол үшін үйден жастықтың кәдімгі тысын ала шығу қажет. "Қалыпты көлемдегі жастықтың тысын алып, оны авиациялық қосымша жастықтар немесе пледпен тығыздап алыңыз, сонда үлкен жастық жасап аласыз. Бұл шынымен барынша жайлы және менің сүйікті лайфхактарымның бірі".

Алайда аса тәжірибелі туристер жастықтың тысын басқа да "қулықтар" үшін пайдаланып жүр. Атап айтқанда ұшаққа қолға ұстап кіруге рұқсат етілген жүгіңіз асып тұрған жағдайларда. Мәселен, блогер Аня Яковлева жастықтың тысы арқылы ұшақ бортына қосымша заттар алып кіре алды. Өйткені борт серіктер оны жүк емес, ұйықтауға ыңғайлы болу үшін алған жастық деп ойлаған.

Көптеген сарапшылардың пікірінше, сіздің ақысын төлемей артық зат алып кіріп бара жатқаныңыз борт серіктердің басым бөілігін алаңдатпайды. Мысалы, Sun Online Travel бортсерігі әрі блогер келесідей айтқан болатын: "Tiktok желісінен адамдар артық жүкті сырт киімнің астына жасырғанын, киімді жастық тысына тыққанын көрдік. Кей адамдар артық шығынсыз көбірек зат алып өткісі келеді, шын айтайын, бізден оны жасыра алмайсың. Тек біз бұған аса мән бермейміз. Жеке өз басым - ақшаны үнемдеуді қолдаймын. Борт серік болсақ та, менеджерден өзіңмен бірге қосымша зат алып кетуге бола ма деп рұқсат сұраймыз. Сондықтан мұндай жағдайлар біздің басымызда да бар, оны түсінеміз. Ең бастысы - ақшасы төленбеген сумка болса да, оның сканерден өтіп, тексерілген болса болғаны".

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная