Блогер ұшудан қорықпаудың қарапайым әдісін айтты

Шетелдік блогер Анна Паулл ұшу барысында болатын турбулент жағдайында қорықпаудың ең қарапайым әдісін атады. Ұшқыш TikTok желісінде қарапайым бір стақан жиле мен майлық арқылы мысал келтіріп, қолданушылардың алғысына қарық болды. 

Блогерге бұл лайфхакты ұшқыш көрсеткен, ал қыз бала мұны өз аккаунтына жазылғандарға паш етті. Қыз бала қолына жиле құйылған стақанға майлықтың түйіршіктелген бір бөлігін салады. Майлық бұл - ұшақ, ал желе - бұл оны қоршап тұрған атмосфера. Блогер стақанды қатты шайқайды. Пауллдың айтуынша, стақандағы затқа қысым жоғарыдан, төменнен және жанынан түседі, соның арқасында майлық бір орында тұрады. Әуе кемесі турбулент аймағына түскенде сол физика заңдылығы орындалады. 

@anna..paull

Fear of flying tip ✈️❤️

♬ original sound - Anna Paul

Қыз баланың осы видеосы кеңінен таралып, үш күнде 16 миллион қаралым және мыңдаған пікір жинаған.

Көптеген қолданушылар бұл лайфхакты жақсы бағалаған, алайда блогердің әдісі "ақымақтық" екенін де жазғандар кездескен. "Айналайындар, мен бұған алданбаспын, өйткені ұшақ желемен қапталмайды ғой", - дейді пікір білдірушілердің бірі.