Білген жөн! Түрлі елдердегі тыйым салынған әрекеттер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Алдағы демалыс маусымында баратын елдегі ережелер мен тыйымдарды білген жөн. Олай болмаған жағдайда айыппұлдар қалтаңызды қағып алуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Алдағы демалыс маусымында баратын елдегі ережелер мен тыйымдарды білген жөн. Олай болмаған жағдайда айыппұлдар қалтаңызды қағып алуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.

Сингапур: сағыз өніміне тыйым салынған

1992 жылдан бастап қаладағы тазалықты сақтау үшін сағызға тыйым салынған болатын. Бұл көпшілік орындардағы сағыз қалдықтарын тазалауға үкімет үлкен қаржы жұмсағандығына байланысты болды.

Бұл елде тек емдік мақсаттағы сағызды дәріханадан ғана алуға болады. Ал егер сатуға сағыз алып барсаңыз 5500 доллар айыппұл немесе 1 жылға түрмеге қамалуыңыз ықтимал. Жәй өзіңіз үшін сағызыңыз болса да айыппұл төлейсіз - 1000 доллар.

Франция: қоштасып жатқанда сүйісуге болмайды

Париждің теміржол вокзалында сүйіктіңізбен қоштасарда сүйісуге болмайды. Бұл қызық заң 1910 жылы қабылданыпты. Бұл пойыздардың жүру уақытына кедергі болғандықтан қабылданған екен. Дегенмен қазір бұл үшін ешкімді де жазаламайды.

Ирландия: әйел үйлену туралы ұсыныс жасаса, бас тартуға болмайды

Бұл елде әйел адам сүйіктісіне өзін жар етіп алуды ұсынса, ер адамның бас таруға құқы жоқ. Бұл сонау XI ғасырдағы жарғы екен. Бас тартқан ер адам ренжітіп алған әйелге айыппұл төлеу керек болады. Дегенмен бұл төрт жылда бір келетін 29 ақпанда ғана іске асатын заң.

Бельгия: қармен атысуға болмайды

Бельгияда қар өте сирек жауады. Ал жауған кезде көлік кептелісі болып, сабақтар болмай қалады екен. Балалар сабақ орнына қармен атысып кетеді. 2013 жылы билік қармен атысу тас лақтырумен тең деген шешімге келіпті. Қар лақтыратын болсаңыз 100 еуро айыппұл төлейсіз. Канаданың Торонто қаласында да 2004 жылдан бері қармен ойнауға тыйым салынған.

Малайзия: сары киімге тыйым

Бұл заң 2011 жылы қабылданыпты. Жергілікті оппозициялық белсенділер сары киім киген екен. Содан қазір тіпті сары түсті білезік пен бауды да ешкімнен көре алмайды екенсіз.

Пәкістан мен Сауд Арабиясы: Әулеи Валентин күнін атап өтуге болмайды

2008 жылы Сауд Арабиясында, ал 2017 жылы Пәкістанда осы күнді тойлауға тыйым салынды. Индонезияда да осындай екен.

Дания: балалрға біртүрлі есім қоюға болмайды

Данияда балаларға рұқсат етілген тізімнен ғана ат қоюға болады. Ол тізімде қыз балаға 18 мың, ал ұл балаға 15 мың есім бар екен. Дегенмен балаға ерекше ат қойғыңыз келсе, жергілкті Ankestyrelsen органына барып, тізімде жоқ есімді бекіттіріп алса да болатын көрінеді.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная