Қол жүгінде ұшақ бортына алып кіруге рұқсат етілген заттар ғана болу керек, сондықтан оның тізімі шектеулі. Бұл авиациялық қауіпсіздік талаптары. Ендеше шектеулерге түсіп қалмас үшін ескере жүру керек талаптар бар, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
"Рамблер" қол жүгіне қандай заттар рұқсат етілгені жайлы чек-парақты жариялап отыр. Жүктің ішіндегімен қоса, әуе компаниясының жүктің салмағы мен өлшемін де шектетйтінін ұмытпаңыздар.
- Құжаттар мен билет. Ең бастысы осы.
- Ақша. Ақша мен банк карталарын ұшақтың жүк тиейтін орнына емес, өзіңізбен алып кіріңіз.
- Қымбат техника. Ноутбук, фотоаппарат, планшет. Мұның бәрі жүк тиетйтін орында сынып қалуы мүкін, сондықтан оны қол жүгімен бортқа алып кіріңіз.
- Құлаққап. Адамдар оны үйде ұмытып кетіп жатады, ал әуежайда олар бірнеше есе қымбат сатылады.
- Дәрі қобдишасы. Егер созылмалы ауруыңыз болса. Бастысы арнайы дәріні әуе компанияның ережесімен тіркетіп алу қажет.
- Қуаттаушы құрал. Ұшақта телефон қуаттайтындай тоқ көзі жоқ.
- Тамақ. Әуе компаниясы бәрін тегін бермейді. Сондықтан өзіңізбен кино тамашалап отырып тіске басатын снектер алыңыз.
- Көз тамшылары мен крем. Ұшақта ауа өте құрғақ, сондықтан көз тамшылары керек болып қалады. Алайда ұшаққа косметиканы 100 милллилитр көлемінде ғана алып кіруге болады.
- Жылы шұлық немесе плед. Ұшақтарда үнемі кондиционер жұмыс істеп тұрады, сондықтан салқын болуы мүмкін.
- Жастық. Ұшақта ыңғайланып ұйықтап алу үшін жастық өте керек.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!