Биыл ерекше танымал бола бастаған ТОП-6 бағыт аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

pixabay.com pixabay.com

Соңғы уақытта күтпеген жерден туризм көшбасшылары қатарынан көрініп, әлі күнге дейін өз орнын бермей келе жатқан туристік бағыттар бар. Tengritravel.kz тілшісі туристік аймақтарға шолу жасап, әрқайсысына жеке тоқталды.


Иконка комментария блок соц сети

Соңғы уақытта күтпеген жерден туризм көшбасшылары қатарынан көрініп, әлі күнге дейін өз орнын бермей келе жатқан туристік бағыттар бар. Tengritravel.kz тілшісі туристік аймақтарға шолу жасап, әрқайсысына жеке тоқталды.

1. Абхазия

Соңғы уақытта Қара теңіз жағасында демалғысы келетін саяхатшылар Абхазияны таңдап жүр. Оның өзіндік себебі де бар. Қара теңіз аймағының ең танымал бағыттарының тізімінде Абхазия төртінші орында тұр. Оның алдында Сочи, Анапа, Геленджик тәрізді алпауыттар бар. Бұл жерлерде жазда аяқ алып жүре алмайсың, ертерек қонақүйді брондамасаң, бағасы қымбаттап кетеді. Абхазия көршілес жатқан курорттық аймақтарға қарағанда арзандау болса да, қонақүйлеріндегі қызмет деңгейі шамалас. Дегенмен Абхазияда 5 жұлдызды қонақүйлер жоқтың қасы. Тозған қаланың көрінісі курорт қонақтарын қынжылтуы мүмкін. Алайда Абхазия табиғаты керемет екенін айта кеткен жөн.

2. Дағыстан

Жарнаманы қажет етпейтін бағыттардың бірі – Дағыстан. Себебі Сулақ каньоны, дәмді тағамдары, Каспий теңізінің жағалауы, әсем тау асулары, атмосфералық ауылдар мен жұмбаққа толы ежелгі мұнаралары әлдеқашан туристердің көзайымына айналған.

3. Кавказ минералды сулары

Кеңседегі таусылмайтын дедлайндардан шаршаған қызметкерлер Кавказ минералды суларына барып демалады. Онда кофенің орнына емдік су ішіп, жүйке жүйесін мен тән саулығын қалпына келтіруге болады. Сонымен қатар Кавказ минералды сулары коронавирустың денсаулыққа тигізген зардабын жоюға көмектеседі екен.

4. Қытай

"МТС Трэвел" брондау сервисінің мәліметінше, Қытайдың туристік бағыттарына деген сұраныс 13 есе өскен. Оған 2023 жылдың соңында Хайнань аралына тікелей рейстердің көптеп ашылуы себеп болды. Хайнань - тамаша жағажайларымен және қызмет көрсету деңгейі жоғары қонақүйлерімен танымал. Сонымен қоса мұнда жып-жылы теңізде шомылып, тау арасындағы шыны көпірмен серуендеуге болады. Бұдан бөлек саяхатшылар ежелгі қалаға барып, түрлі-түсті шоуларды тамашалай алады.

5. Маврикий

Маврикий – туристерді өзінің экзотикалығымен баурап алған бюджетті бағыттардың бірі. Қазір көптеген әуекомпания Маврикийге тікелей рейстер аша бастады.

Маврикийде папирус орманын, адамды көтере алатын алып лалагүлдерді және әдемі сарқырамаларды көре аласыз. Аралдың құмды жағажайлары туристердің сүйікті орнына айналған. Ел Африкаға жақын орналасқандықтан сафариге бару мүмкіндігі қарастырылған.

6. Шри-Ланка

Бірнеше жыл бұрын Шри-Ланкаға туристер сирек баратын еді. Бүгінде ол Мальдив аралдарымен теңесіп, ТОП туристік бағыттарының қатарынан көрінеді. Дегенмен Шри-Ланка Мальдив аралдарынан қарағанда төмен бағамен және табиғатының алуантүрлілігімен ерекшеленеді. Қашықтан жұмыс істейтіндер Шри-Ланкаға бірнеше ай бойы қыстауға барады деседі. Оның Сигирия үстірттері, әйгілі шай плантациялары, Равана сарқырамасы және корольдік ботаникалық бағы әлі күнге дейін туристерді еліктіріп келеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная