Көптеген адамдар бүкіл отбасымен саяхаттаған кезде автокөлікпен шыққанды жөн көреді, өйткені пойызбен немесе ұшақпен саяхаттаудан тиімдірек деп есептейді. Бірақ автомобильмен саяхаттауда қауіп-қатер жоғары екенін ескеріңіз, ол үшін сізге жан-жақты дайындық керек. Себебі автомобильмен саяхаттау - бұл ең алдымен шытырман оқиғалы жағдайлар. Автокөлік сізге үлкен туристік қалаларды ғана емес, сонымен қатар шағын жайлы ауылдарды көруге, аяқ баспаған жерлер мен табиғи көрікті орындарға барып тамашалауға мүмкіндік береді.
Бағытыңызды алдын ала жоспарлаңыз. Саяхатқа қанша күн мен ақша жұмсауға дайын екеніңіз белгілі болған кезде, мақсатты анықтаңыз: қызықты маршрутпен саяхаттау немесе дәлірек айтсақ, межелі жерге жету, қай жерлерді көргіңіз келетіні және т.б. Картаны алып, баратын жерлерді белгілеп, содан кейін мүмкін болған жағдайда маңыздылығы жоғары жолдарды таңдап, оларды маршрутқа қосыңыз.
Алыс қашықтықтарды барынша сабырлықпен қабылдаңыз. Рөлде 800 шақырым жолды артқа тастағаннан кейін серуендеуге емес, демалуға жатуыңыз мүмкін. Рекорд орнатпаңыз, керісінше жолға бірнеше сағат артық уақыт қалдырыңыз. 500 шақырым жол жүру және ерте кету жағдайында бір күндік сапар үшін қолайлы болады. Қажет болса, 800 шақырым жүріп өтіңіз, бірақ межелі жеріңізбен танысуды келесі күнге қалдырыңыз.
Карталарға сақтықпен қараңыз. Жолкартаны анықтаған кезде қағаз картасы мен мобильді сервис арасындағы таңдау кезінде бірінші кезекте мобильді картаға таңдау жасаңыз. Бірақ электрондық карталар дұрыс емес болуы мүмкін. Yandex.Maps, Google Maps, Maps.me және басқаларының бірін таңдағанда, ең маңызды мәліметтер базасы бар, сапалы қызметіне көңіл бөліңіз, интернет жүйесінің сапасына тәуелді болмас үшін екі түрлі қосымшаны жүктеп алып, сізді қызықтырған аймақтың картасын сақтап алыңыз. Бейтаныс қалаларды аралап жүргенде, әсіресе басқа елдерде, қай жерде бұрылатынын жобалап жүргеннен гөрі, навигаторды қолданғаныңыз дұрыс.
Форс-мажорларға дайын болыңыз. Әрдайым қосымша дөңгелек, сым арқан, өртсөндіргіш, көтергіш (домкрат), жарық шағылыстырғыш кеудеше, құрал-саймандар жиынтығын алып жүріңіз және саяхатқа шығатын кезде көлікті тексертіп алыңыз. Тәжірибелі және ұқыпты жүргізушілердің өзі кейде жол апатына ұшырап жатады.
Түнейтін жерді де алдын ала жоспарлаңыз. Бір тәулікке және одан да көп уақытқа аялдайтын болсаңыз, түнейтін жердің қолайлы болуы үшін алдын ала белгілеп, жоспарлағаныңыз дұрыс. Жолда өз шешіміңізді өзгерту мүмкіндігі де болады. Іздеушілер тегін брондауды немесе броньнан бас тартуға болатынын ескереді. Бірнеше адамнан тұратын топ үшін қонақүйден гөрі хостел немесе пәтер жалдаған тиімді. Бірнеше адамға арналған бір бөлме қонақүй нөмірлеріне қарағанда арзанға түседі. Жүк салғышқа шатыр және жатын керек-жарақтарды салыңыз. Бірақ түнде көлік көп жүретін жолдың жанында орналасудың қажеті жоқ.
Әр түрлі елдер - әр түрлі шарттар. Егер автокөлігіңізбен шетелде саяхаттауды жоспарласаңыз, онда Еуроодақтың ішінде жергілікті жолдармен жүру ережелері әрқалай екенін ұмытпаңыз. Әр елдің жол қозғалысы ережелерінің ерекшеліктерін зерделеп, жол жүру төлемін ескеріңіз. Австрияда, Швейцарияда және Чехияда төлем ретінде виньеткалар жүреді, ал Польша мен Италияда турникеттермен және кіретін кезде ақылы тасжолдар бар.
Онлайн-аудармашы. Қаладан тыс жерде (шағын ауылдарда және жанар-жағар май құю бекеттерінде) жергілікті тұрғындар халықаралық тілдерді білмейтінін ескеру қажет. Телефоныңызға не планшетке онлайн аудармашы қосымшаларын жүктеп алыңыз. Әйтпесе, каталондық ауылда жанармай құю бекетінде қарт қызметкерге өзіңізге не керек екенін түсіндіріп, әбігерге түсесіз.
Салт жүріп (жеңіл) саяхаттаңыз. Саяхаттауға шығатын кезде берілетін бірінші кеңес. Бұған көлікпен саяхаттаудың қатысы жоқ. Киімді сіз өзіңізбен ұшақ немесе автобуспен жүрген кезде алатындай мөлшерде ғана алыңыз, тамақты көбірек алуға да болады. Ерекшелігі - жүріс керек-жарақтары. Сіздің қандай жерлермен жүретініңізді кім біледі?
Пайдалы ұсақ-түйектер. Ұшу кезінде жиі көретін мойын жастығы, көзге арнайы таңғыш, құлақ тығындары - бұл заттар көп орын алмайды, алайда демалуға және ары қарай жол жүруге күш жинауға септігін тигізеді. Жәндіктерден қорғайтын заттар мен күнге қарсы киетін көзілдірікті де ұмытпағайсыз.