Әуежайда сатып алу тиімсіз саналатын 10 нәрсе туралы білесіз бе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/Skitterphoto © pixabay.com/Skitterphoto

Әуежайда сатып алу тиімсіз саналатын бірнеше тауарлар бар, себебі сіз ақшаңызды үнемдемек түгіл, қыруар шығынға ұшырап қаласыз. Осы жайлы Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі егжей-тегжейлі баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

Әуежайда сатып алу тиімсіз саналатын бірнеше тауарлар бар, себебі сіз ақшаңызды үнемдемек түгіл, қыруар шығынға ұшырап қаласыз. Осы жайлы Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі егжей-тегжейлі баяндайды.

Бөтелкедегі су

Әуежайдағы бір бөтелке су кәдімгі дүкендерге қарағанда 200 пайызға қымбат. Жолаушыларға ұшақ бортында 100 миллилитрден артық сұйықтықты алып жүруге рұқсат етілмегендіктен, сатушылар тым жоғары баға қояды.

Бәрінің су ішкісі келетіні анық, сондықтан көбісі газсыз бір бөтелке суды қымбатқа алуға дайын. Мұндай қажетсіз шығындардан аулақ болу үшін көптеген әуежайларда тұратын тегін суы бар станцияны тауып алыңыз.

Электроника

Әуежайлардағы электронды тауарлар бағасы негізсіз жоғары, әрине оларға деген қажеттілік бар екені даусыз. Ұзақ ұшу кезінде, егер телефонда сүйікті әуеніңізді тыңдап немесе гаджетпен фильм тамашалап қана көңіл көтереріңіз анық.

Есіңізде болсын, құлаққап немесе зарядтау құрылғысын дүкеннен немесе онлайн сатып алсаңыз арзанырақ түседі. Әдетте, әуежайдағы электроника қарапайым дүкендерге қарағанда қымбат. Ал танымал зарядтау құрылғылары екі есе қымбатқа түседі.

Егер сізде басқа амалыңыз болмаса (мысалы, маңызды қоңырау шалу керек немесе сізде 6 сағаттық рейс болса), онда ең арзанын табу үшін бірнеше дүкендер мен дүңгіршектерді аралауға ерінбеңіз.

Тамақтану

Мүмкін болса, әуежайға барар алдында тамақтанып алғаныңыз дұрыс. Әуежайдағы тамақ қалаға қарағанда бірнеше есе қымбат болады.

Сонымен қатар, саяхатшылар көбінесе қарны ашқандықтан емес, күтуді тездету үшін тамақтанады. Мейрамханалар мен азық-түлік дүкендері мұны жақсы біледі, сондықтан бағасын да қымбат ұсынады.

Егер сіз бортта тамақтанғыңыз келсе немесе билетте тамақтану кірмеген болса, өзіңізбен бірге шоколад немесе жаңғақ алыңыз, оларды қауіпсіздік қызметі арқылы өткізуге болады.

Чемодан

Егер сіз сапарда көп нәрсе сатып алған болсаңыз және әуежайдан тағы бір чемодан алуды көздесеңіз, жақсылап ойланыңыз. Иә, сіз әдемі чемодан сатып аласыз, бағасы алтынмен пара-пар болады, бірақ сапасы бағасына сай келуі екіталай.

Кәдесый

Әуежайдағы тым қымбат заттар сияқты, терминалдағы кәдесый сатушылар да сізден пайда көруді көздейді. Егер сіз біреуге сапардан сыйлық алуды ұмытсаңыз және әуежайдан кәдесый сатып алғыңыз келсе, шығындануға дайын болыңыз. Сатушылар жолаушылардың бұл соңғы мүмкіндігі екенін жақсы түсінеді, соған сай бағасын да шарықтатып жібереді.

Валюта

Әуежай ішіндегі валюта бағамдары сыртқа қарағанда әлдеқайда қолайлы болуы мүмкін. Көптеген валюта айырбастау пункттері демалыс алдында ақшасын айырбастауды ұмытып кеткен саяхатшыларды пайдаланып, бағам айырмашылығынан қосымша ақша табады. Бір шешімі - банкоматтан қолма-қол ақша алу үшін қалаға келгенше күту. Бұл сіз үшін әлдеқайда тиімді болады.

Мойынға арналған жастық

Егер сіз ұзақ жолға шықсаңыз, алдын ала мойынға арналған жастықпен қамданыңыз және оны үйден алып шыққан абзал, мәселе әуежайдағы дүкендердің бағасында емес. Оларды ондаған тіпті жүздеген адам қолымен ұстап көргенін ескеру қажет.

Дәрі-дәрмек

Әуежайларда дәрі-дәрмек бағасы мүлде миға қонымсыз. Егер ұшу кезінде өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, онда халық емінің әдістерін қолданыңыз немесе алдын ала дәрі-дәрмек сатып алыңыз. Жасыл алма, крекер немесе шөптен жасалған кәмпит те жақсы көмектеседі.

Кітап

Жақсы кітап - рейс күтудегі таптырмас серігіңіз. Бірақ әуежайда кітап сатып алудың қажеті жоқ. Қымбат бағасын айтпағанда, оқитын кітапқа таңдау да мәз емес. Күту залдарындағы кітап дүкендері тек бестселлер кітаптар сатады сондай-ақ сіз бағасына тұрарлық қонымды ештеңе таппайсыз.

Әтір

Дьюти-фри дүкендерінде әтір бағасының төмен болған кездері келмеске кеткелі қашан. Егер сіз өзіңіздің сүйікті хош иісіңіздің бір құтысын тиімді бағамен алғыңыз келсе, әуежайдан алудың қажеті жоқ. Жеңілдіктер кезінде кәдімгі қалалық дүкендерге барсаңыз, әлдеқайда көп үнемдейсіз.

Одан да үнемдегіңіз келсе, блогер әуежайда багажды қалай төлемеуге болатыны жайлы кеңесімен бөлісті.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная