Әуе апаты болған жағдайда ұшақтың қай орындарында аман қалу ықтималдығы жоғары?

Әуеапатынан қаза табу ықтималдығы өте төмен - 11 миллионнан бір жағдай. Соған қарамастан әуе апаты болып тұрады және сонау биіктен құлаған ұшақтың жолаушысы таңғаларлық жағдайда аман қалған сәттер де жоқ емес. Аман қалудың бірден бір жолы, жолаушының таңдаған орнына тікелей байланысты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі CNN порталына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 35 жылда апаттарды зерттеу нәтижесінде, борттың ортаңғы бөлігінде отырған жолаушылардың аман қалу мүмкіндігі төмен екен - мерт болу көрсеткіші 39 пайыз, алдыңғы бөлік - 38 пайыз, ал артқы бөлігі - 32 пайыз.

Негізінен апатты жағдайда ашылатын есіктерге жақын отырған жолаушылар аман қалады: шығу есігіне кім жақынырақ отырса, соның барынша аман қалу мүмкіндігі бар.

Төтенше жағдай кезінде бесінші қатардан алыс емес орындарда отырған жолаушылардың аман қалу мүмкіндігі зор. Бірақ алтыншы қатардан бастап мүмкіндіктер айтарлықтай төмендейді.

Бензин багы жарылған сәтте салонның ортаңғы бөлігінде отырғандар мерт болады, себебі бак осы жерде орналасқан. Ал өрт жағдайында артында отырғандардың жағдайы мүшкіл.

Соқтығысу кезінде шетте отырғандар көбірек зардап шегеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!