Әртүрлі елдерде қандай тоқ көзін қолданады: туристерге арналған жадынама

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/ColiN00B © pixabay.com/ColiN00B

20 жыл бұрын біз сапарға шығарда жүк көтермей, жеңіл шыға салатын едік, ал қазір чемоданымыз электроникаға толы. Басқа елге саяхаттау кезінде туристер барлық жерде гаджеттерді зарядтауға арналған өзіндік электр қосқышын таба алмайтыны анық. Әлемнің әртүрлі елдерінде қандай тоқ көздерін және қандай жағдайда адаптер қажет болатыны жайлы Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

20 жыл бұрын біз сапарға шығарда жүк көтермей, жеңіл шыға салатын едік, ал қазір чемоданымыз электроникаға толы. Басқа елге саяхаттау кезінде туристер барлық жерде гаджеттерді зарядтауға арналған өзіндік электр қосқышын таба алмайтыны анық. Әлемнің әртүрлі елдерінде қандай тоқ көздерін және қандай жағдайда адаптер қажет болатыны жайлы Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге баяндайды.

Бірден айта кету қажет, кейбір қонақүйлерде аз сомаға қажетті адаптерді жалға алуға болады. Кейде дұрыс адаптерді жақын дүкеннен таба аласыз. Бірақ сіз жиі саяхаттап, кездейсоқ жағдайға тап келгіңіз келмесе, келесі ақпарат сізге пайдалы болады.

Қай елдерде адаптер қажет емес?

Сонымен, әлемде электр желілері мен тоқ көздері үшін бірыңғай стандарт жоқ: әр елде олар әртүрлі болуы мүмкін. Қазақстанда және Еуропада C және F түріндегі тоқ көздері қолданылады: олар тек жерге тұйықталуымен ерекшеленеді.

ТМД-ның басқа елдеріне, сондай-ақ Мысыр, Үндістан, Индонезия, Камбоджа, Қытай, Марокко, Таиланд, Туниске және Түркияға саяхаттау кезінде тоқ көзімен қиындық туындамайды. Оларда – біздікіндей.

Қай елдерге барарда адаптер алу қажет?

А және В түрлері америкалық деп аталады, олардың қайда қолданылатыны айтпаса да түсінікті. Сіз сондай-ақ Жапония, Багам аралдары, Барбадос, Бермуд аралдарында және әлемнің бірнеше басқа бөліктерінде ұқсас тоқ көздерін кездестіресіз.

Ұлыбританияда G типті ерекше тоқ көздері қолданылады. Қосқыш үш жалпақ тесіктен тұрады және оның белгілі себептері де жоқ емес. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Англия мыстың тапшылығын бастан кешірді, сондықтан қысқа сақтандырғыш пен үш тесікті тоқ көзі пайда болды. Дәл осындай қосқыш Британ империясының ықпалын бастан өткерген елдерде де қолданылады: Мальта, Кипр және Сингапурда.

Аустралияға немесе Жаңа Зеландияға баратын болсаңыз, I типтегі тоқ көзін кездестіресіз. Дәл осындай Қытай, Жаңа Гвинея, Самоа мен Кирибатиде кездеседі.

Бір қызығы, Израильдегі H типті тоқ көзіне дөңгелек және жалпақ тісті келеді. Күлімсіреген смайликке ұқсастығы үшін ең көңілді К түріндегі тоқ көзі атауы Дания, Гренландия, Бангладеш және Мальдив аралдарында мақтанышпен қолданады.

Жаңа елге барарда, тиісті адаптерді сатып алу үшін ол жерде қандай тоқ көзін қолданатынын алдын ала тексеруді ұмытпаңыз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная